Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте су тасқыны кезеңінің өтуі қаралды

Үкіметте су тасқыны кезеңінің өтуі қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы елімізде су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуі байқалады. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында уақтылы қабылданған шаралар үйлерді су басуына және осы өңірлердің тұрғындарына зиян келтіруге жол берген жоқ. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі болжануда. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында әлі де 50%-ға жуық қар жатыр.

Ақмола облысында сәуір айының басында 100-ден астам тұрғын үй су астында қалды. Қазір ахуал тұрақталды, қауіп сейілді деп айтуға болады.  Тосын жағдайға елді мекендерді қорғау бойынша инженерлік жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі, су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мен орындаудың сапасыз жүргізілуі себеп болғаны аталды.  Мәселен, Ескі Қалқұтан ауылында Қалқұтан өзенін тазарту, жағалауын бекіту және тереңдету жұмыстары 3 шақырымдай ғана учаскеде жүргізілген. Ал жоба бойынша 11 шақырым бекітілуге тиіс болатын. Сонымен қатар Макинск қаласына да су жайылды.

«Айта кетейік, өңірде дәл осы елді мекендерді жыл сайын су басады. Демек, Ақмола облысында қабылданып жатқан шаралар тиімсіз. Марат Мұратұлы, жоспарды қайта қарап, биыл барлық қажетті жұмыстарды іске асырыңыз. Баспаналары мен жер телімдері су астында қалған тұрғындарға жәрдемдесіп, көмек көрсетіңіздер. Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруды тапсырамын. Күштер мен құралдар әрдайым жедел әрекет етуге дайын болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.  

Үкімет отырысы соңында Премьер-министр Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді: 

  • Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері су тасқынына байланысты жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін барлық шара қабылдасын. Жауапкершілікпен әрі шұғыл қимылдап, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ел басшылығын хабардар ету қажет. Тұрғындармен кері байланыс орнатып, олардың өтініштеріне дереу құлақ асу керек.
  • Су ресурстары министрлігі мен әкімдіктер, әсіресе еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде орналасқан су қоймалары мен нысандардағы судың деңгейін ерекше бақылауда ұстау қажет. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
  • Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен өңір әкімдіктеріне ахуал күрделене түскен жағдайда оны бақылауда ұстауды тапсырамын. Қажет болса, қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру керек. 
  • Көлік министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге зақымданған жол инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдасын. Жолдар мен көпірлердің жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізу қажет. 
  • Экология министрлігі ауа райы болжамының нашарлауына қатысты ақпарат алған кезде дабылды ескертулер туралы тиісті мемлекеттік органдарды жедел хабардар етсін. 
  • Цифрлық даму министрлігі су тасқынын болжау және модельдеу жұмыстарын жалғастырсын. Tasqyn ақпараттық жүйесін оның жұмысына қатысты айтылған сын мен анықталған кемшіліктерді назарға ала отырып жетілдірсін. 
  • Былтырғы су тасқынын ескере отырып, ТЖ зардаптарын жою және тұрғындарға көмек көрсету мәселелері бойынша барлық нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру жұмысын бір апта мерзімде аяқтау қажет. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты