Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақоордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты.

Мұз айдынының әлемдік спорт тарихындағы орны ерекше. Президенттерге 1972-1991 жылдары мұнда әйелдер мен ерлер арасында өткен жарыстарда барлық қашықтық бойынша 247 рет рекорд орнатылғаны жөнінде айтылды. «Медеу» әлі күнге Қазақстанның ең танымал туристік нысандарының санатына кіреді. 2024-2025 жылғы маусымда мұз айдынына 460 мың адам келген.

Мемлекеттер басшыларына «Медеуді» орнықты туризм моделі бар әлемдік деңгейдегі орталыққа айналдыруды көздейтін жаңа даму жобасы таныстырылды. Кешенді реконструкциядан өткізгеннен кейін сырғанау маусымы айтарлықтай ұзарып, мұздың сапасы жақсарады және конькимен сырғанау спортынан ашық аспан астындағы халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік пайда болады. Ал спорт нысанынан сәл төмен орналасқан аумақ ашық алаңқайы мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдары бар рекреациялық аймаққа айналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев алматылық спортшы Евгений Кошкинмен әңгімелесті. Ол биыл Әлем кубогінің соңғы екі кезеңінде жеңімпаз атанып,  Азия ойындарында жүлделі орыннан көрінген болатын. Жуырда өткен Қазақстан спартакиадасында спортшы айқын жеңіске жетіп, 100 метр қашықтықта бейресми әлем рекордын жаңартты (9,31 секунд).

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары мәнерлеп сырғанау шеберлерінің өнерін тамашалады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады