Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Цифрландыру киноны қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді – ЦДИАӨМ

Цифрландыру киноны қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді – ЦДИАӨМ
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәдениет және өнер саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол цифрлық трансформация жасанды интеллект пен үлкен деректерді өңдеуді қосқанда, мәліметтерді талдаудың заманауи технологияларын енгізу арқылы шығармашылық жобалардың табысын болжауға бағытталғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік қызметтің 21 түрін көрсетіп отыр. Оның 12-сі толық, 8-і ішінара автоматтандырылған. 2024 жылы шамамен 530 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 67%-ы электронды форматта ұсынылды.

«Біз Мәдениет министрлігінің 46 бизнес-үдерісіне реинжиниринг жүргіздік. Олардың 3-еуі кино жобаларын өндіруге, ал 3-еуі оларды таратуға қатысты. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін біз мәдениет және ақпарат министрлігінің киноны қаржыландыруды ашық етіп, шығындарды бақылауға және инвестициялардың тиімділігін арттыруға көмектесетін цифрлық құралдарды енгізу бастамасын қолдаймыз», — деп толықтырды Жаслан Мәдиев.

Министр отырыс барысында елімізде кино өндірісі саласындағы бизнес-үдерістер автоматтандырылып жатқанын хабарлады. 

Ол бүгінде кино өндірісі бірқатар жүйелі мәселелерге, соның ішінде басы артық қағаз құжат айналымына, мемлекеттік қолдауды бөлуде цифрлық құралдардың болмауына және кассалық табыстың бұрмалануға тап болғанын атап өтті. Бұл фильмдердің кешігуіне, шешім қабылдаудағы субъективтілікке және қаржылық шығындарға әкеледі.

«Осы мәселені шешу мақсатында “e-кино” ақпараттық жүйесі әзірленді. Ол үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз етіп, бюрократиялық кедергілерді болдырмай, AI және Big Data арқылы шешімдердің субъективтілігін барынша азайтады деп күтілуде. Сондай-ақ билет қызметтерімен интеграциялау көлеңкелі айналымды жояды, ал цифрлық экожүйе, соның ішінде стриминг платформалары мен краудфандинг, киноиндустрияның ашықтығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жаңа қаржылық мүмкіндіктер жасайды», — атап өтті Жаслан Мәдиев.  

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ақпараттық жүйе ақпараттық қауіпсіздік сынағынан өтуде және әлі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген жоқ.

Одан бөлек, Astana Hub экожүйесінде креативті индустрия саласында өнімдер әзірлейтін стартаптар құрылды. Олар тек ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да табысты жұмыс істеуде. Тек 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл стартаптар 40 млрд теңгеден астам экспорттық табыс тауып, 1000-нан астам жұмыс орнын ашты.

«Заманауи технологиялар креативті индустрияны түбегейлі өзгертіп, мәдениет пен өнер үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Әлемде жасанды интеллектті креативті индустрияда тиімділікті арттыру құралы ретінде пайдалану тренді күшейіп келеді. Мысалы, бельгиялық ScriptBook компаниясы сценарийлерді талдап, фильмдердің коммерциялық табысын 87% дәлдікпен болжайтын жасанды интеллектті қолданады, бұл инвесторларға негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі», — деді министр.

Айта кету керек, креативті индустриядағы генеративті жасанды интеллект нарығы қарқынды өсуде. 2024 жылы оның көлемі $3,1 млрд-қа бағаланды, ал 2030 жылға қарай $12,6 млрд-қа жетеді.

Бұл цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің креативті экономиканың ажырамас бөлігіне айналып жатқанын дәлелдейді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Министрлік келесі ұсынымдарды береді:

  • «е-кино» цифрлық платформасын киноөндіріс, билет сату процестерін есепке алу және автоматтандыру үшін жедел енгізу.
  • Мәдениет және өнер салаларындағы мемлекеттік цифрлық шешімдерді әзірлеу кезінде инновациялық технологияларды (AI, Big Data) қолданатын IT-компанияларға басымдық беру.

«Цифрлық платформаны барлық кинотеатрлар мен концерт залдарының билет сату сервистерімен толық интеграциялау қажет. Билеттер сатылған кезде мәліметтер автоматты түрде мемлекеттік ақпараттық жүйеге жіберілуі тиіс. Сондай-ақ, келушілерге билет сатылымының мемлекеттік ақпараттық жүйеде тіркелгенін QR-код арқылы қайта тексеру мүмкіндігі берілуі тиіс. Егер мұндай растау болмаса, клиенттің пайдасына айыппұл салуды қарастыру орынды деп санаймыз», — деп түйіндеді сөзін Жаслан Мәдиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты