Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь Премьер-Министрлері өнеркәсіптік кооперация жобаларын жүзеге асыруды талқылады

Қазақстан мен Беларусь Премьер-Министрлері өнеркәсіптік кооперация жобаларын жүзеге асыруды талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті, деп хаюарлайды kazlenta.kz.

Әлихан Смайылов Беларусь Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін атап өтті. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 23%-ға өсіп, $1 млрд шегінен асты. Премьер-Министрдің айтуынша, өсімнің жоғары серпінін сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.

Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестіктің қозғаушы күшінің бірі – өнеркәсіптік кооперация. Мәселен, қазірдің өзінде құны $180 млн-ға жуық 8 жоба жүзеге асырылып, соның негізінде 1400 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асыру сатысында құны $19 млн-ды құрайтын 2 жоба бар. Бұл ретте Қазақстан мен Беларусь ведомстволары 800-ге жуық жұмыс орнын құру арқылы құны $100 млн-нан асатын тағы 4 жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазақстан индустриялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Беларусь Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының табысты ынтымақтастық жобалары осы бағытты одан әрі дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті.

«Бүгінде бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен 1 мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз», — деді Роман Головченко.

Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешен, өрт сөндіру-құтқару техникасын өндіру және құрылыс саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын атап көрсетті.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады