Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріле отырып, Қазақстан мен Литва қарым-қатынастарын дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекет мәселесі талқыланды.
Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұздағы жылу электр орталығында бір қазандық, кейін тағы үшеуі істен шығып, салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалған еді.
Айта кетейік, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Комиссияға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов жетекшілік етеді. Комиссия орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексереді деп күтіліп отыр.