Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Литва Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.


Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріле отырып, Қазақстан мен Литва қарым-қатынастарын дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекет мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Габриэлюс Ландсбергиске ілтипат білдіре отырып, Литва еліміздің Балтық жағалауы аймағы мен Еуропалық Одақтағы басымдыққа ие серіктесі екенін атап өтті.


Кездесуде үкіметаралық ынтымақтастықты және екі елдің іскер топтары арасында көлік, логистика, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы іс-әрекетті жандандырудың маңыздылығы сөз болды. Өз кезегінде Габриэлюс Ландсбергис Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Литва Президенті Гитанас Науседаның жүрекжарды сәлемін және ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Литва Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.


Бұдан бөлек, олар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді