Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі: құтқарушылар елордадағы жер үйлерге арнайы рейдтер жүргізіп жатыр

Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі: құтқарушылар елордадағы жер үйлерге арнайы рейдтер жүргізіп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы елді мекендерде және әлеуметтік жағынан осал топтар тұратын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық алдын алу акциясы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция аясында қалада 50 дана көмірқышқыл газының датчигі орнатылды.ТЖМ мен қалалық ТЖД қызметкерлері, волонтерлер, полиция өкілдері, әкімдік қызметкерлері және «Астана-РЭК» ЖШС мамандары Сарыарқа ауданы бойынша үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды.

Атап айтқанда, түтін мұржаларын тазарту, көмірқышқыл газы датчиктерін орнату және пеш жабдықтарын пайдалануда сақтық шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

«Акцияның мақсаты – өрттің пайда болу қаупін азайту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың үй жағдайындағы қауіпсіздік ережелері тұрғысынан хабардарлығын арттыру. Ерекше назар қарт адамдар тұратын үйлер мен көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ пешпен жылытылатын тұрғын үйлерге аударылады», — деді Астана қаласы ТЖД ӨҚҚБ инженері Ерназар Қаршыға.

Астана қаласы ТЖД деректеріне сәйкес, өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде тіркеледі.

«Талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттің негізгі себептері – электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (73%), пешпен жылытқанда отты абайсыз қолдану (13%), сондай-ақ халықтың өрт қауіпсіздігі талаптары туралы жеткілікті ақпараттанбауы болып отыр. Азаматтар көбіне істен шыққан немесе қолдан жасалған жылыту құрылғыларын қолданады, электр желілерін шамадан тыс жүктейді, пеш пен түтін мұржаларының жағдайын тексермейді», — деп түсіндірді мамандар.Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті әкімдікпен бірлесіп 2025-2026 жылдардың жылыту маусымына арналған тұрғын секторда өрттің алдын алу шараларының жоспарын әзірледі.«Жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын сектор бойынша 80 рейд жүргізілді, қаланың 31 000 үйінің ішінен 4 437-і қамтылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың шамамен 8 000 дерегі анықталды. Департамент есебінде әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын 1 738 отбасы бар, олардың 704-і жеке тұрғын үйлерде тұрады. Бұл отбасылардың барлығы профилактикалық жұмыстармен толық қамтылды, ал олардың тізімдері мекенжайлық көмек көрсету үшін уәкілетті органдарға жолданды», — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы төрт жылда әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне 3 000-нан астам көмірқышқыл газы датчигі орнатылды. Биыл аудан әкімдіктерімен бірлесіп тағы 233 отбасы датчиктермен қамтылды. Сонымен қатар, оннан астам үйде пештер мен электр сымдары жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді.Бүгінде қалада барак үлгісіндегі 497 жалдамалы үй тіркеуде тұр. Полиция және әкімдік қызметкерлері 175 жоспардан тыс тексеру жүргізді, ал 2024 жылы 165 мәрте тексерілген. 

Тексеру нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 1 045 дерегі анықталды.Құтқарушылар өрт пен көмірқышқыл газымен улану жағдайларын болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін тағы да еске салады: электр құралдарын қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз; электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз; тек жарамды құралдарды пайдаланыңыз және пеш пен түтін мұржаларын үнемі тексеріңіз; жылыту құралдарының үстіне киім немесе мата кептірмеңіз; сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз; көмірқышқыл газы және түтін датчиктерін орнатыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
69 комментариев
  • Chanda
  • 30-10-2026, 14:35
  • : 14:35
References: Low deposit bank transfer casino australia best aussie bank transfer casinos
Auch wenn ihr im Casino online schnelle Auszahlungen nutzen wollt, solltet ihr verantwortungsvoll mit eurem Echtgeld umgehen. Wenn ihr eure Gewinne vom Online Casino mit schnellster Auszahlung erhalten möchtet, solltet ihr einige einfache, aber wichtige Grundregeln beachten. Eine Online Casino Klarna Sofort Auszahlung oder ein Casino mit Trustly Auszahlung setzt auf Instant Banking. Ein Casino mit Paysafecard Auszahlung spricht vor allem sicherheitsbewusste Spieler an. Ein Online Casino mit Skrill Auszahlung oder eine Online Casino Neteller Auszahlung werden meist bevorzugt bearbeitet. References: freebahais.org
  • Jeremy
  • 07-11-2026, 21:11
  • : 21:11
References: Muchbetter withdrawal limit casino http://madk-auto.ru/user/stockname73/
  • Reina
  • 08-11-2026, 22:29
  • : 22:29
References: 10 minimum deposit online casino neosurf real money pokies neosurf australia
  • Dannie
  • 09-11-2026, 00:08
  • : 00:08
References: Neosurf casino deposits australia neosurf casino no bank account australia
  • Gisele
  • 09-11-2026, 00:19
  • : 00:19
References: Neosurf casino ratings australia neosurf casino list australia
  • Jeffry
  • 09-11-2026, 05:47
  • : 05:47
References: Casino deposit with paysafecard canada mobile casino paysafecard canada
References: Best payout paysafecard casino canada best casino sites that accept paysafecard canada
References: Best australian online casino payid online casino payid withdrawal australia
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды