Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алтай Көлгінов бұқаралық спортты дамыту туралы айтты

Спорттық нысандар тек кәсіби спортшылардың жарыстары мен жаттығулары өтетін орын емес, сонымен қатар балалар спортпен шұғылданатын мекеме болуы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Спорт нысандарын балалар мен жастар үшін қолжетімді етіп жатырмыз. Бұл жаттығу сапасына, дамуға серпін береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спорт, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін дамытуға басымдық берілмек. Спорттық инфрақұрылымды кәсіби клубтарға емес, бұқаралық спорт түрлеріне баса назар аудара отырып дамытамыз», - деп жазды әкім. 

Алтай Көлгінов 2020 жылы ашылған жеңіл атлетика спорт кешенін мысал ретінде келтірді. Онда жеңіл атлетиканың 7 түрінен тек кәсіби спортшылар ғана айналыса алатын.

«Енді қала тұрғындарын көбірек қамту үшін қыркүйек айынан бастап балалар да бара алады. Ол үшін жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan» спорт клубы құрылды. Ол жаттықтырушыларды жалдауға және олардың еңбегіне жалақы төлеуге, сондай-ақ спортпен айналысатын балалар санын арттыруға мүмкіндік береді. Клубтың ерекшелігі – жеңіл атлетикамен ниет білдірген өзге оқушылар да айналыса алады. Яғни, бұған дейін БЖСМ-де болудың қажеті жоқ, дайындықсыз келіп те жаттыға аласыз. Ол үшін қалалық федерацияға жүгіну немесе №9 БЖСМ арқылы тіркелу қажет», - деді Алтай Көлгінов. 

Сонымен қатар, қала басшысы балалар мен жасөспірімдер спортының өзге де түрлеріне қолдау көрсетілетінін атап өтті. Қазір қалада 8 мыңнан астам баланы қамтитын 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Әкімнің айтуынша, қосымша қаржыландыру есебінен балалар саны 50%-дан астам ұлғайтылады. Сондай-ақ, аула клубтарының саны көбейеді. Бірінші кезеңде олардың санын 30-дан 50-ге дейін артады. Бұл түрлі спорт түрімен айналысатын балалар санын екі есе көп қамтуға мүмкіндік береді.

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында соңғы екі жылда 400 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, төрт елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын жүргізіп жатырмыз, сондай-ақ үстел теннисі орталығын салып жатырмыз. Бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеміз», - деп Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сөзін түйіндеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді