Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада көлік полицейлері заңсыз жұмыс істеген үш шетел азаматын ұстады

Елордада көлік полицейлері заңсыз жұмыс істеген үш шетел азаматын ұстады
Фото: polisia.kz

Елордада көлік полицейлері заңсыз жұмыс істеген үш шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 3043 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 2801 шетел азаматы Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзған. Сот шешімдері бойынша 837 құқық бұзушы ел аумағынан шығарылды. Атап айтқанда, Астана станциясының теміржол вокзалы аумағында көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері 22, 28 және 33 жастағы үш шетелдікті анықтады. Олар Қазақстанда еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті, заңнамада көзделген құжаттарсыз құрылыс нысанында жұмыс істеген.

Құқық бұзушылар сот шешімімен ҚР аумағынан шығарылды. Көлік полицейлері ескертеді: шетел азаматтары Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын, оның ішінде ел аумағында болу тәртібі мен еңбек қызметін жүзеге асыру талаптарын сақтауға міндетті. Қажетті құжаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде ел аумағынан шығаруға және Қазақстанға кейіннен кіруге шектеу қойылуына әкеп соғуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді