Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің оңтүстігі вегетациялық кезеңге қалай дайындалуда

Еліміздің оңтүстігі вегетациялық кезеңге қалай дайындалуда
Фото: primeminister.kz

Қанат Бозымбаев Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары мен Жетісу облысында вегетациялық кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-премьер бұған дейін еліміздің оңтүстік өңірлеріне барып, вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу және егіс құрылымын әртараптандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан болатын.

«Өткен жылғы вегетациялық кезең қолайсыз климаттық жағдайға байланысты бірқатар қиындықпен өтті. Бұл су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударуды және басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауды талап етті. Жинақталған тәжірибені ескере отырып, вегетациялық кезеңнің түрлі сценарийлеріне, соның ішінде су тапшылығы мен ауа райының төтенше құбылыстарына дайын болу қажет», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Кеңес барысында Балқаш – Алакөл, Шу – Талас, Арал – Сырдария бассейндерінің, сондай-ақ вегетациялық маусымның күрделі өтуі ықтималдылығы бар Шардара су қоймасының жағдайы бойынша есептер тыңдалды.

Өңірлерде диқандармен су үнемдеу және суды аз қажетсінетін дақылдарға кезең-кезеңімен көшу мәселелері бойынша түсіндіру кездесулері өткізіліп жатыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Құжатта су пайдалану лимиттерін белгілеу, егіс алқаптарының құрылымын бекіту, күріш пен мақта алқаптарын қысқарту арқылы ылғалды көп қажет ететін дақылдарды әртараптандыру көзделген. Алдағы вегетациялық кезеңде лимиттердің сақталуын бақылау, суды өз бетінше пайдалану және су ресурстарының заңсыз айналымының алдын алу шаралары күшейтіледі.

Еліміздің басқа бассейндері бойынша тәуекелдер күтілмейді, вегетациялық кезеңді өткен жылдың деңгейінде өткізу жоспарланып отыр.

Кеңес барысында еліміздің оңтүстігіндегі бес облыстың әкімдері суару маусымына дайындық барысы және вегетацияның тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде су тапшылығын азайту мақсатында «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде. 1 мың шақырымнан астам канал механикалық тазалаудан өткізілді, маусым басталғанға дейін қосымша 300 шақырым канал тазарту жоспарланған. Өңірде суға аз тәуелді дақылдарға көшу және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай технологиялар енгізілген суармалы жерлердің жалпы аумағы 114 мың гектарға (суармалы жерлердің 20%-ы) жетті. 2026 жылы бұл көрсеткішті тағы 50 мың гектарға арттыру жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімдігінің дерегінше, су тұтынуды оңтайландыру мақсатында күріш егістігінің көлемі 70 мың гектарға дейін қысқартылуда. Бұл жүгері, соя және майлы дақылдар сияқты су шығыны аз дақылдарды егуге мүмкіндік береді. Тамшылатып және жаңбырлатып суару, алқаптарды лазерлік тегістеу, ылғалды сақтау үшін инновациялық препараттарды қолдану секілді су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Аталған технологиялармен 24,7 мың гектардан астам алқапты қамту жоспарланып, алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен ұлғайтылмақ.

Жамбыл облысы әкімдігі биыл егіс алқаптарын 16,7 мың гектарға қысқартуды жоспарлап отырғанын, сонымен қатар егіс құрылымын әртараптандыру және су көп қажет ететін дақылдарды су үнемді дақылдармен алмастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Су үнемдеу технологиялары белсенді түрде енгізілуде. Жерүсті және трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті азайту үшін жерасты суларын пайдалану бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, ірі су қоймаларының орташа толу деңгейі 61%-ды құрайды, 72 нысанға күнделікті мониторинг жүргізілуде, өзен арналары мен каналдарды тазарту, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Вегетацияға дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде: егіс алқабы 436 мың гектарды құрайды, оның 223,7 мың гектары — суармалы жерлер. Су пайдалану лимиті 2,1 млрд текше метр деңгейінде бекітілген.

Жетісу облысы әкімдігінде өңір бойынша су алу лимиті 1,3 млрд текше метр көлемінде бекітілгені хабарланды. Егінге қажетті су 54 гидротехникалық құрылым мен 1 179 канал арқылы «Қазводхоз» РМК және коммуналдық кәсіпорындар пәрменімен жеткізіледі. Су шаруашылығы нысандарын салу және қайта жаңғырту бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда, олардың екеуін жыл соңына дейін, қалғандарын 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Суару маусымына дайындық аясында 335,8 шақырым арнаны тазарту көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті