Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік азамат анықталды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік азамат анықталды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік азамат анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтауға бағытталған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.

– Іс-шара нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік азамат анықталып, жауапкершілікке тартылды. Сотқа 93 материал жолданып, сот шешімімен 9 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімі 37 шетелдік азаматқа қысқартылды. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану бойынша 43 факті анықтады. Барлық дерек бойынша шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің белгіленген ережелерді сақтауын қамтамасыз етпеген 45 Қазақстан азаматына тиісті шаралар қабылданды. Полиция барлық азаматтар мен өңір қонақтарын көші-қон заңнамасын бұзбауға шақырады, сондай-ақ ел аумағында уақытша немесе тұрақты болу тәртібін қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті