Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Шығыс Қазақстан облысында жыл бойы жұмыс істейтін туристік кластер құрудың келешегі талқыланды

Үкіметте Шығыс Қазақстан облысында жыл бойы жұмыс істейтін туристік кластер құрудың келешегі талқыланды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев тау шаңғысы туризмін дамыту мәселелері бойынша халықарылық Bartholet және ABEST компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу Премьер-министр Олжас Бектеновтің Үкімет отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан аумағында тау шаңғысы туризмі саласындағы стратегиялық әріптестік пен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Бүгінде елімізде заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау кластерлері жаңа серпін алып отыр. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында тау шаңғысы және табиғат туризмін дамытуға, сондай-ақ жыл бойы жұмыс істейтін демалыс аймағы инфрақұрылым құру және экологиялық және спорттық туризді дамыту мақсатында Щучинск–Бурабай курорттық аумағын кешенді жаңғыртуға зор мүмкіндік бар. 

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жыл бойы жұмыс істейтін туристік кластерді дамыту – басым бағыттардың бірі. Жоба – спорт пен табиғат күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналатын, толыққанды өмір сүру мен денсаулықты қалпына келтіруге арналған кеңістік құруды көздейді. Қазіргі уақытта шамамен 3,4 мың гектар аумақта орналасатын кластердің тұжырымдамасы пысықталуда. Жоба аясында 38 шақырымға дейінгі тау шаңғы трассаларын, 2,3 мың қонақүйлік орын мен тәулігіне 6 мың адамға дейін қабылдай алатын инфрақұрылым салу қарастырылуда. Іске асқан жағдайда бұл жоба жыл бойғы туризмді қамтамасыз етіп, 1,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға, жыл сайын жарты млн-нан астам турист тартуға сондай-ақ өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етпек.

«Туризмді дамыту – бұл тек экономикалық өсім емес, бұл тұрмыс сапасы, тұрақты жұмыспен қамту және Қазақстанның бірегей табиғатын сақтау. Біз сенімді инвесторлармен ұзақмерзімді әріптестікке мүдделіміз және адамға бағытталған, экологиялық әрі жыл он екі ай жұмыс істейтін туризмді дамыту жөніндегі стратегиялық бағытымызға сай келетін кез келген жаңа идеяларға ашықпыз», — деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Аталған жобадағы негізгі технологиялық серіктес – әлемдегі арқанжол және көлік жүйелері саласында көшбасшылардың бірі саналатын швейцариялық Bartholet Maschinenbau AG компаниясы.

«Риддер қаласындағы жоба аясында біздің шешімдерді қолдануға мүдделіміз. Bartholet технологиялары, соның ішінде RopeTaxi концепциясы, арқанжол жүйелерін курорттық кешендердің сәулеттік құрылымына икемді әрі үйлесімді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл жоғары жайлылық пен үздіксіз логистиканы қамтамасыз етеді. Бізде күрделі климаттық жағдайлар мен таулы аймақтарда жұмыс істеудің бай тәжірибесі бар, сол себепті бұл жобада сенімді әрі энергия тиімді инфрақұрылымды құруға септігіміз тиеді», — деді компания басшысы Маркус Менци.

Қазақстан Үкіметі әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге, жобалау кезеңінен бастап іске қосуға дейінгі барлық жақтан институционалдық қолдау мен қажетті көмек көрсетуге дайын екенін растады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді