Заңсыз қойылған сауда нысандары тек жер заңнамасын бұзу ғана емес, сонымен қатар аудан тұрғындары үшін де бірқатар қолайсыздықтар тудырады. Мәселен, қоғамдық кеңістіктердің бірінде орналасқан көкөніс дүңгіршегі жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, тұрғындар үшін қолайсыз жағдай тудырған болатын. Бұған қоса, мұндай нысандар қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізеді, санитарлық талаптарға сәйкес келе бермейді және кейбір жағдайларда қауіпсіздік нормаларын өрескел бұза отырып орнатылады.
2024 жылы әкімдік мамандары тұрғындар шағымымен мониторинг жүргізу барысында мемлекет меншігіндегі жер телімдерін заңсыз иемденген 32 нысанды анықтады. Жыл соңына дейін олардың барлығы да алынып тасталды. Дегенмен, бұл мәселенің толық шешімін тапқанын білдірмейді:
Есіл ауданының әкімдігі уәкілетті органдармен бірлесіп, аумақты тұрақты түрде тексеріп, заңсыз нысандарды анықтайды. Сол уақытта меншік иелеріне нысандарды өз еркімен алып тастау туралы нұсқама беріледі, ал талап орындалмаған жағдайда тиеп алып кетеді.
Еске сала кетейік, мемлекеттік жер телімдерін заңсыз иелену – әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес, заңбұзушылық үшін: • жеке тұлғаларға – 75 АЕК, • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК, • ірі кәсіпорындарға – 700 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Сауда нысанын орнатуды жоспарлап отырған кәсіпкерлер алдымен тиісті рұқсат құжаттарын алуы қажет. Ол үшін «СПК Astana» АҚ-ға жүгінуге болады. Аудан әкімшілігі заңсыз құрылыстардың алдын алу, шағын және орта бизнеске заң шеңберінде жұмыс істеу үшін жағдай жасау бағытында өз жұмысын жалғастыра береді.