Өңірде қысқы-көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті инженерлік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 өзен арнасы, 461 шақырым арық (1203 нысан), жалпы ұзындығы 654 шақырым 165 канал және 30 шақырым су өткізу құрылыстары тазартылды. 68,2 шақырым дренаждық арналар механикалық тазартудан өтті. Осылайша, 20 ауылдық елді мекенде су басу қаупінің алдын алды.
![](https://kaz.kazlenta.kz/uploads/posts/2025-02/1738815365_psx-20250205-181113-1.jpg)
Облыс аумағында 42 су қоймасы орналасқан, олардың орташа толу деңгейі 32%-ды құрайды.
Жұмыс сапары барысында вице-премьер Кентау қаласындағы «Қосқорған» су қоймасының (37,3 млн м3) техникалық жағдайымен танысты. Ол 1982 жылдан бері жұмыс істейді. Тексерістен кейін 2022 жылы су қоймасын күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ Қанат Бозымбаев «Бөген», «Шардара» және «Бәйдібек ата» су қоймаларын аралап шықты.
Қазіргі уақытта Шардара су қоймасы 86%-ға толды, бұл – өткен жыл көрсеткіштерінен жоғары. Мамандар су деңгейін бақылауда ұстайды.
«Бөген» – оңтүстіктегі ең көне су қоймаларының бірі, 1962 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бүгінде жөндеуді қажет етеді. Қазіргі таңда облыс әкімдігі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде.
Бәйдібек ауданында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы өткен жылы көктемгі тасқын суларды жинау мақсатында басталған болатын.
Облыста гидроқұрылыстарды жаңғырту бойынша жалпы құны 134,8 млрд теңге болатын барлығы 27 жоба жұмыс істейді, оның ішінде, жаңа су қоймаларын салу және жұмыс істеп тұрған су қоймаларын қайта жаңарту, сондай-ақ суару желілерін қайта жаңарту бар.
Гидрогеологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру Су ресурстарының ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл – өңір үшін өте маңызды.
Бұдан әрі вице-премьер Көксарай контррегуляторын қайта құрумен танысты. Оның жалпы жобалық су көлемі 3,0 млрд м3 құрайды, бірақ қазіргі уақытта техникалық жағдайына байланысты 1,5 млрд м3-ке дейін шектелген.
Вице-премьер өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Алғашқы елді мекендердің бірі Сауран ауданының Шорнақ ауылы болды, онда сумен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды.
Әкімдіктің мәліметінше, жыл соңына қарай облыстың 807 қаласы мен ауылы 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Содан кейін Қанат Бозымбаев Оңтүстік фермерлерімен кездесіп, «Түркістан» ӘКК-де ірі кәсіпорындарды, сондай-ақ Арыс және Ордабасы аудандарындағы өндірушілермен кездесті. Облыс әкімдігіне отандық өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар тапсырма берілді.
Оның ішінде, бірінші тоқсанда облыстың барлық аудандарын жіті қарап, қажетті инфрақұрылымды жүргізе отырып, шағын индустриялық аймақтарды құру үшін әлеуетті анықтау. Түркістан облысы осы тәжірибемен басқа өңірлермен бөлісу тиіс.