Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстiк Қазақстан цифрлық хабар таратуға толық көшедi

Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң тұрғындары отандық телеарналарды цифрлық форматта тамашалайды. Жаңа сапаға көшу жұмыстары аймақта 2013 жылдан берi жүрiп келедi. Телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ-ның облыстық филиалы заманауи цифрлық қондырғы орнатты, барлығы өңiрде 42 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, модернизациядан өткiзiлдi. Петропавловск тұрғындары цифрлық форматтың артықшылықтарына қазiрдiң өзiнде оң баға берiп отыр, олар 20-дан астам отандық телеарнаны абоненттiк төлемақысыз тамашалауда, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Цифрлық станциялар облыс пен аудан орталықтары ғана емес, шағын шекаралық бекеттерде де орналасқан. Бұған дейiн шалғай ауыл тұрғындары отандық телебағдарламаларды нашар сапада, кейде тiптi көршi мемлекеттердiң арналарын қарауға мәжбүр болған едi. Ендi оларға 15 шақты қазақстандық арнаны цифрлық форматта қолжетiмдi болады.


Сапалы дыбыс пен бейнеден өзге, мамандар цифрлық хабар таратудың басқа да артықшылықтарына баса назар аударуда — арналардың көп түрлiлiгi, табиғи кедергiлерге төзiмдiлiгi мен үнемдiлiгi. Аналог арқылы берiлетiнi сигнал нашар едi, әрi кейде мүлде жоғалып кертуi мүмкiн болатын. Цифрлық эфирлiк желiде хабар едiуiр үлкен қашыққа таралады. Аналогтық желi бiр таратқыш — бiр арна принципiмен жұмыс iстейтiн. Digital-форматқа көшу бiр таратқышта 15 шақты арнаны трансляциялауға мүмкiндiк бередi.


Қазiр жаңа радиотелевизиялық станцияларда соңғы тексерiс жұмыстары жүруде. Солтүстiк Қазақстан облысы ақпан айында толығымен цифрлық хабар тарату форматына көшедi. Халықты қамту үлесi 98,3 пайзызды құрап отыр, яғни қамту аумағына 537 мың шақты адам тұрып жатқан 617 елдi мекен енедi деген сөз. Аналогтан «цифрға» көшу «Цифрлы Қазақстан» мемелкеттiк бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Әлеуметтiк жобаның басты мақсаты — қазақстандықтарды тегiн сапалы телевизиямен қамтамасыз ету.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді