Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мерзімдердің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды: Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді талап етті

Мерзімдердің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды: Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді талап етті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметінің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2024-2025 жылдары 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте 163 мектеп (44%) ауылдық жерлерде салынбақ.

Бұл оқу нысандары заманауи құралдармен жабдықталатын болады. Бастауыш және жоғары сыныптар үшін оқу кабинеттері, санитариялық тораптары және спорт залдары бар жеке блоктар қарастылырып отыр. Мектептерді заманауи техникалық құралдарды енгізу және күзетті күшейту есебінен жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары мен киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар да қарастырылған. Оған қоса жайлы мектептер ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта болмақ.

Министр «Атамекен» ҰКП мен салалық қауымдастықтар өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданғанын айтты. Мәселен, жиһаз өнімдерін тек «Самұрық-Қазына» және «Атамекен» тізіліміндегі қазақстандық компаниялардан сатып алу көзделген. Бұдан басқа отандық өндірістегі құрылыс материалдарын қолдану бойынша талаптар енгізілді.

Өңірлерде мектеп салу барысы туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтып берді.

Премьер-Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ел үшін маңызы зор, оның арқасында үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілуі тиіс. Жалпы салынып жатқан мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін және оның демографиялық ахуалын ескере отырып анықталады.

«Олардың барлығы жаңа мектептерге аса мұқтаж өңірлерде салынуы қажет. Оның үстіне, жайлы мектептер атына заты сай, оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Олар қауіпсіз және сапалы білім беру ортасына айналуы керек», — деді Олжас Бектенов. 

Үкімет басшысының айтуынша, аталған мектептер әу бастан цифрлық камералармен жабдықталып, полицияның Жедел басқару орталықтарына жалғануы тиіс. Оған қоса жаңа, интерактивті оқыту әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін жылдамдығы жоғары интернет жүргізілуі керек.

Сонымен қатар Премьер-Министр жайлы мектептерді оқу процесіне қажетті заманға сай жабдықтармен және жиһаздармен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

«Бұл мектептерді өскелең ұрпақты, әсіресе шағын қалалар мен ауылдарда оқушыларды баурап алатын бірегей орталықтарға айналдыру қажет. Онда спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелері жұмыс істеуі керек. Балаларға қосымша білім алу мақсатында фильмдер көріп, интернеттен қажетті ақпарат іздеу, кітапханада дайындалу мүмкіндігі берілуі тиіс», — деді Олжас Бектенов. 

Үкімет басшысының айтуынша, ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер де бар. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы учаскелерді бөлу және жобалық құжаттаманы әзірлеу қарқынын сынға алды. Осыған байланысты барлық проблеманы қысқа мерзімде жою тапсырылды.

«Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет. Жалпы Мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын орындау үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз керек», — деді Премьер-Министр.

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорына 1 қыркүйекке дейін 98 мектепті, ал қалған 119 мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.

«Мерзімдердің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды. Бұл ретте жұмыстардың сапасы ақсамауы тиіс», — деді ол. 

Өңірлер әкімдеріне 15 наурызға дейін мектеп құрылысына арналған жер учаскелерін рәсімдеуге қатысты барлық проблемаларды шешу тапсырылды.

«Биыл пайдалануға берілетін мектептерге баратын жолдар мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын 1 тамызға дейін аяқтау қажет», — деді Олжас Бектенов. 

Оған қоса Үкімет басшысы объектілер ашылғаннан кейін бірден нақты жоспарлы оқу процесін ұйымдастыру үшін салынып жатқан мектептерді алдын ала педагог кадрлармен қамтамасыз ету керектігін айтты.

«Біз Ұлттық жобаны іске асыру барысын маусым айында қайта қараймыз. Егер жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады», — деп түйіндеді Олжас Бектенов. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді