Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Qaz Science: жас ғалымдар слеті» өтіп жатыр

Шымкентте «Qaz Science: жас ғалымдар слеті» өтіп жатыр
Фото: pixabay.com

Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен ұйымдастырылған ғылыми шараға Басқарма президенті Күнсұлу Закарья, Президент жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы вице-президенті Асқар Жұмаділдаев қатысты. Алқалы мәжілісте отандық ғылымды дамытуға бағытталған өзекті проблемалар көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды. 

Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Еліміздегі азаматтардың орташа жасы – 32 жасты құрайды. Тұрғындардың үштен бірі – жастар, бұл ресми статистика. Қазақстан ғылымға негізделген, инновациялық технологиясы дамыған ел болуы жолында – жастардың орны ерекше. Талантты әрі жас ғалымдарды ғылыми ортаға тарту - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл іске шағын және орта бизнес өкілдерінің әлеуетін жұмылдыру да көзделген. Ал елдегі алпауыт компания -  «Саутс Ойл» серіктестігінің басшылығы инновация игіліктерін игеруде  қыруар тірлік атқарып отыр. 

"Миллионды шаһарда жас ғалымдар аз емес. Олар еліміздің оқу-ағарту саласының дамуына тың серпін беріп жүр.Әсіресе, IT саласын дамытуға күш салуды жоспарлау қажет. Бұл бағытқа арнайы қаржы қарастыру мәселесі де алдағы уақытта шешімін табады деген сенімдеміз", - деп атап өтті жиында сөз алған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев.

Жастарға үлгі болатын тұлғаның бірі Асқар Жұмаділдаев форум барысында көптеген құнды кеңестерімен бөлісті. Расында, Асекеңді білмейтін қазақ жоқ бүгінде. Мың жылда бір туатын дара, қайталанбайтын тұлға. Күнге күйіп, құмның арасында ойнап жүрген баладан «әйгілі математик» шығады деп кім ойлаған. 

Ұлттық ғылым академиясының жанынан ғылымның басым бағыттары бойынша Жас ғалымдардың жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына 1000-нан аса өтінімдер, түйіндемелер қаралып, оның  ең үздік, беделді 500 жас ғалымы мүшелікке енді. Арнайы бұйрықпен бекітілді. Жиында жастарды қолдау және қаржыландыру үшін қолайлы жағдай жасаудың барлық тетіктері қарастырылды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді