Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде бюджетті жоспарлаудың үшжылдық жүйесінен бас тарту ұсынылып отыр

ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджетті жоспарлаудың біржылдық жүйесіне қайта көшуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

«Биыл бір жағынан қарабайыр болып көрінгенімен, өте маңызды мәселе күн тәртібіне шықты. Бюджет жобасы бекітілген жағдайда толықтай қалыптастырылуы керек деген талап қойылды. Бюджеттің дамуға бөлінген бөлігі толық қамтамасыз етіліп, шығыстар жағы жеткіліксіз болуы мүмкін емес. Сондықтан қалай болғанда да, бұл қажеттілікті жылдың ортасында Ұлттық қордан жабуға тура келеді», – деді Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында.
 
Оның сөзіне қарағанда, бұл істе бюджет тәуекелдерін тиімді басқару маңызды.

«Үшжылдық бюджет деген формалды дүние ғана болып қалғаны баршаға аян. Үш жылдық бюджетті қалыптастырудың өзіне ғана өте көп уақыт кетіп жатыр. Ал нақтылау және түзету кезінде алғашқы бір жылы ғана ескеріледі. Қалған екі жылына мән де бермейміз. Келесі кезеңге бюджет жоспарлаған кезде өткен жолы қолдау тапқан шығыстардың бір бөлігі түсіп қалуы да мүмкін. Салдарынан аяқсыз қалған жобалар, құрылысы бітпей қалған нысандар пайда болады. Біздің ойымызша, біржылдық бюджет жоспарлау жүйесіне оралу мәселесін көтеретін кез келді», - деді комитет басшысы. 

Айта кету керек, Наталья Гоуднованың дерегі бойынша, Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады