Биыл Павлодар облысында жасөспірімдерге қатысты 27 қылмыс тіркелген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда түнгі уақытта болуына тыйым салу мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Өйткені түнде кәмелетке толмағандарға қатысты ең көп құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасалатыны жасырын емес.
– Биыл кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 27 қылмыс тіркелді. Жыл басынан бері жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында және сағат 23:00-ден кейін тұрғынжайдан тыс болғаны үшін жүргізілген рейдтер барысында 463 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Талдау көрсеткендей, қылмыстың негізгі себептері жасөспірімдердің өзімшілдік себептері, сондай-ақ ата-аналардың бақылаусыз болуы. Әрине, отбасы үлгі ретінде өскелең адамның тұлға ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда 95 ата-ана балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыс ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
Соттар кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерден қасақана жалтарған ата-аналардың құқықтарынан айыру және шектеу туралы 157 өтінішті қанағаттандырды. Полицейлер азаматтардан балаларының уақытын бақылауды және балаларыңыздың сағат 23:00-ден кешіктірмей үйде болуын қамтамасыз етуді сұрайды. Сондай-ақ облыстың басқа өңірлерінен, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қаладан тыс жерден келген балалар табылған жағдайда, олар өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдаудың өңірлік орталығына орналастырылатын болады.