Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экономист Қазақстанның топ-5 проблемасын анықтады

Экономист Қазақстанның топ-5 проблемасын анықтады
Фото: tengrinews.kz

Белгілі қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов еліміздегі ең маңызды бес проблеманы атады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның пікірінше, бұл проблемалар қазақстандықтардың өміріне тікелей әсер етеді.

"Бірінші. Қалаларға жақын орналасқан ауылдарды қоспағанда, ауылдық жерлерде іс жүзінде толық қираған. Бұл жеделдетілген урбанизацияны тудырады (жастар ауылдардан кетеді), бұл ірі қалалардың инфрақұрылымына қысым жасайды және ауыл шаруашылығын мамандарсыз қалдырады", - деді экономист.

Екінші. Желілердің тозуына байланысты ірі қалаларда да сапалы ауыз суға қолжетімділіктің болмауы.

"Үшінші. Ел ауыл шаруашылығын дұрыс дамыту арқылы көптеген позициялар бойынша 80-100 миллион адамды тамақтандыра алатынына қарамастан, біз 5-6 атаулар бойынша 25-30 миллион адамның ғана қажеттілігін жауып отырмыз. Қалғанының бәрі сыртқы инфляция немесе девальвация кезінде қымбаттайтын импорт", - деп жазады Құдайбергенов.

Төртінші. Жастар арасында есірткінің сұмдық тарауы.

"Козачков пен Халықбергеннің жазғандарын 2-ге, 3-ке көбейту керек. Іс жүзінде есірткіге тосқауыл жоқ", - дейді экономист.

Бесінші. Маманның сөзінше, 18 жастан асқан 1 млн-ға жуық азаматымыз қалыпты өмірден іс жүзінде шығып қалды (жұмыссыздық/ақшаның жоқтығы мен мен несие/қарыздың арасында өлместің күнін кешіп жүр).


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады