Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауымызда – Қайырбек Өскенбаев

2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 96%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлім етті,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

ИИДМ басшысының ақпараты бойынша ауылдық жерлерде сумен жабдықтау көрсеткіштері бойынша Алматы (99,1%), Атырау (99%), Қызылорда (97,8%) және Маңғыстау облыстары (96,2%) әкімдіктері көш басында. Ауылдық елді-мекендерде ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай (74,9%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (83,5%) байқалады.

Айта кетерлігі, көрсеткіштері төмен өңірлерге сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін басым негізде қаражат бөлінеді. Мәселен, 2022 жылы осы мақсатта республикалық бюджеттен 215 млрд теңге көзделген. Сондай-ақ, тағы 120 ауылды орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіп, халық саны аз 220 ауылға кешенді блок-модульдер орнату жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ ауылдарды сумен қамтамасыз ету барысына мониторинг жасау үшін Интерактивті карта әзірлеген болатын. Аталған карта ғаламторда қолжетімді.

"Картада сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету, қаржыландыру көлемі, халық саны, тозу деңгейі және басқа да өзекті ақпарат көрсетілген. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі біздің тұрақты бақылауымызда екенін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар интерактивті картаны сапалы және уақтылы толтыруы қажет", – деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.

Халықпен кері байланыс орнату мақсатында азаматтардың барлық өтінішін қабылдау мен өңдеуге арналған бірыңғай платформа арқылы картаға қосымша функцияларды қосу бойынша шаралар қабылданған.

Сондай-ақ, ведомство басшысы салынған су құбыры желілері іс жүзінде әкімдіктердің теңгерімінде қалып не болмаса білікті мамандары мен арнайы мамандандырылған техникасы жоқ кәсіпорындар мен ұйымдарға беріліп жататынына баса назар аударды.

"Сумен жабдықтау желілеріне әкімдіктермен қатар бұл жұмысқа бейінделмеген кәсіпорындар қызмет көрсетеді. Бұл өз кезегінде желілердің тез арада тозуына әкеп соғады және қайта қалпына келтіру үшін қосымша шығынды талап етеді. Осыған байланысты «бір аудан – бір кәсіпорын» қағидаты бойынша су арналарын ірілендіру ұсынылады. Бұл шара көрсетілетін қызмет сапасын және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді министр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді