Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның қай қалаларының ауасы лас?

Экологиялық салауат пен қоршаған ортаны қорғау — әлемнің көптеген елдерінің басты міндеттерінің бірі. Кем дегенде 155 мемлекет өз азаматтарының ұлттық заңдарға немесе Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы сияқты халықаралық келісімдерге сәйкес салауатты ортада өмір сүруге құқығы бар екенін мойындайды, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Осыған қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, барлық өлім-жітімнің 23%-ы ауаның ластануы, судың ластануы және химиялық әсер ету сияқты экологиялық қауіптерге байланысты.

Қазақстанда да экология мәселесі өткір. Ауаның сапасы қоршаған ортаны қорғауда шешуші рөл атқарады. Соңғы 5 жылда, 2018–2022 жылдары, Астана, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның тұрақты жоғары ластануы байқалды. Өңірлер бойынша толығырақ ақпарат кестеде берілген.

Мысалы, Астанада атмосфералық ауаның ластануы негізінен жылу электр станциялары мен жеке секторды жылытудың шығарындыларымен қатар жүретін жылдың суық кезеңіне тән. Қаланың қозғалыссыз қиылыстарындағы ауаның азот диоксидімен ластануы автомобиль көлігінің айтарлықтай теріс үлесін көрсетеді.

Қарағандыда да жағдай осыған ұқсас: атмосфераның ластануына негізгі әсер жылу электр станциялары мен жеке сектордағы жылу шығарындыларымен өндіріледі, бірақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары қосылады.

Теміртауда ластану кез келген маусымға тән, ол қаланың өнеркәсіптік және металлургиялық кәсіпорындарынан, ал қыста, сонымен қатар жылу электр станциялары мен жеке сектордағы жылудан шығарылатын шығарындылардың әсерімен күшейеді.

Мұндай экологиялық проблемалар кез келген мемлекетте қоршаған ортаны қорғау үшін қомақты инвестицияны қажет етеді. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2018 жылдан 2021 жылға дейін осы бағыттағы инвестиция көлемінің серпінді өсуі байқалды. Дегенмен, 2022 жылдың өзінде көрсеткіштердің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанның қорытындысы бойынша ҚР-да қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі салымдар 80,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 50,8% аз.

Жалпы, соңғы 5 жылда (2018–2022 жылдар аралығында) инвестиция көлемі 600 млрд теңгеге жуықтаса, мысалы, алдыңғы бес жылда бұл көрсеткіш 235,9 млрд теңгені құраған.

Бір айта кетерлік жайт, тұтастай алғанда елдегі инвестицияның жалпы көлемінен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестицияның үлесін қарастыратын болсақ, онда бұл өте мардымсыз — 2022 жылы небәрі 0,54%.

Бұл ретте квазимемлекеттік және жеке сектордың жекелеген субъектілері экологиялық мәселелерді кәсіпорынды басқарудың стратегиялық деңгейіне шығарады. Қоршаған ортаны қорғауда еліміздің өндіруші компаниялары, атап айтқанда, ҚР экономикасы үшін басымдықты маңызы бар мұнай-газ секторының алыптары ерекше рөл атқарады. Мысал ретінде ҚР-дағы алғашқы және ірі мұнай-газ өндіруші компаниялардың бірі — Теңізшевройлды (ТШО) қарастырайық. 2000 жылдан бері ТШО ҚР-дағы қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға 3,15 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды.

Соңғы 20 жыл ішінде ТШО мұнай өндіруді 2,6 есе арттыра отырып, атмосфераға шығарындылардың қарқындылығын 65% төмендетті. Бұл нәтижеге жабдықтың пайдалану сенімділігін арттыруға бағытталған ірі жобаларға салынған инвестицияның арқасында қол жеткізілді.

Дүние жүзіндегі мұнай және газ өңдеу зауыттарында қауіпсіздіктің негізгі шарасы газ пайдалану. ТШО жабдықты қауіпсіз пайдалану және персоналды қорғау үшін қажет болған жағдайда, мысалы, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, жабдықты іске қосу кезінде, тоқтаулар мен технологиялық ақаулар кезінде алау жүйелерін пайдаланады. Сонымен қатар, 2009 жылдан бері ТШО ілеспе газды алауларда үздіксіз жағуды тоқтатып, өндірілген газдың 99%-ын экспортқа немесе компанияның өз қажеттіліктеріне өткізеді, яғни компаниядағы газды пайдалану көрсеткіші 99%-ды құрайды.

Сонымен қатар, іргелі әлеуметтік, табиғи және экономикалық ресурс саналатын тұщы судың жоғары құндылығын ескере отырып, суды ұтымды пайдалану ТШО-дағы басым міндеттердің бірі. 2013–2016 жылдар аралығында ағынды суларды басқару процесін жетілдіру мақсатында кәріздік тазарту құрылыстары мен суды қайта пайдалану объектілері пайдалануға берілді. 2022 жылдың үшінші тоқсанында ТШО нысандарында судың 49,4%-ы қайта пайдаланылды, бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді.

Қоршаған ортаны қорғауда Өнеркәсіптік экологиялық бақылау бағдарламасында қарастырылған сапалы мониторинг маңызды рөл атқарады. Атмосфералық ауаны бақылау нәтижелері ағымдағы әсерді дұрыс бағалауға және қажет болған жағдайда атмосфералық ауаға түсетін жүктемені азайтудың алдын алу шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. ТШО өз қызметiнiң аумағында және санитарлық қорғау аймағында, сондай-ақ қызметкерлердiң тұрғылықты жерiнде және Жаңа Қаратон кентiнде атмосфералық ауаны бақылаудың бiрнеше түрiн жүзеге асырады.

Қалалық ауаның сапасы мәселесіне қайта оралсақ, Атырау облысының ірі елді мекендері — Құлсары және Атырау қалалары, Қазгидромет мәліметтері бойынша ластану деңгейі төмен аймақта орналасқанын атап өткен жөн* (жоғарыдағы анықтаманы қараңыз).

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді