Қазгидромет синоптиктері 6 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады kazlenta.kz
Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады. Тек еліміздің шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман, оңтүстікте көктайғақ болады.
Сонымен бірге еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайтыны белгілі болды. Мәселен, Астана, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.