Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Желіде Алматыда көшеде шатырда тұратын студент туралы видео тарады

Желіде Алматы көшелерінің бірінде шатырда тұрып жатқан студент жайлы бейнежазба тарады, деп жазады kazlenta.kz 

Танымал Telegram-арнаның хабарлауынша, шатырды пәтер жалдауға ақшасы жетпей, көшеде тұруға мәжбүр болған студент қойған. Сондай-ақ Egov Telegram-арнасы аталған бейнежазбаны өздеріне студент жолдағанын айтқан.
"Алматы қаласы. Студент пәтер жалдау құнының тым жоғары болуына байланысты, Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысынан шатыр тұрғызуға мәжбүр болғанын айтып, осындай бейнежазбаны жолдады", - деп жазылған хабарламада. 
Десе де StopFake сайты аталған бейнежазбадағы ақпарат жалған екенін хабарлады. Белгілі болғандай, видеодағы шатыр "Бителеком" компаниясына тиесілі болып шыққан. "Фирма қызметкерлері палатканы қолданыстағы телефон кәрізіне кабель тарту жұмысын жүргізуге ыңғайлы болу үшін қойған", - деп жазылған хабарламада. Кейін сайтта полиция қызметкерлері түсірген видео да пайда болды. Онда компания қызметкері тәртіп сақшыларына жұмыс жасауға рұқсат ету парағы мен өз құжаттарын көрсетіп жатқандығын анық көруге болады. Айта кетейік, бұған дейін желіде қолма-қол ақшаны цифрлық теңгеге айырбастау туралы жалған ақпарат тараған еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді