Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде қыс ішінде 200-ден астам студент жатақханасыз қаламыз деп шағымданды

Өскеменде 200-ден астам студент жатақханасыз қалуы мүмкін. Бүгінде жастарға қаңтардың 1-інен бастап жатақхана жабылатыны туралы ескерту де жасалған. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, студенттер жатақханасыз қалса, пәтер жалдай алмайтынын айтады. "Бізге қаңтардың 1-інен бастап жатақхананың жабылатыны туралы айтты. Яғни, жатақханаға жабылу қаупі төніп тұрғанын ескертті. Егер пәтер жалдайтын болсақ, ол бізге қымбатқа соғады. Одан да жатақханада тұрғанымыз жақсы", - дейді стоматологиялық колледж студенті Анастасия Горбунова. Телеарнаның тілшілері сонымен бірге, жатақханада түрлі оқу орындарынан 189 студент тұратынын айтады. Олардың басым көпшілігі мемлекет есебінен, тегін тұратын көрінеді. Сондай-ақ студенттер жетімдер мен аз қамтылған отбасылардың балалары екендігі белгілі болды. Ал жатақхана әкімшілігі мәселе мемлекеттік қаржыландырудың тоқтауы себебінен туындады дейді.

Айтуларынша, бейінді министрлікті реформалағаннан кейін, жатақханамен келісімшарт жасалмаған. Сонымен бірге олар жатақхана басшылығы оны өз есебінен қаржыландыра алмайтынын жеткізді. Десе де шенеуніктер студенттер жаңа жылдан бастап далада қалмайды деп сендіріп отыр. "Келісімшарттар қазынашылыққа тіркеу үшін жіберілді және 2022 жылдың 20 желтоқсанына дейін қаражат аударылатын болады. Сондықтан бірде бір студент жатаханадан шығарылмайды", - дейді "Қаржы орталығы" АҚ ішкі коммуникация және ілгерілету департаменті директорының орынбасары Диас Жамбылов. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді