Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада колледждердің бірінде инклюзивті білім беру талаптары өрескел бұзылған

Елорда кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Астана колледждерінің біріндегі инклюзивті білім беру талаптарының өрескел бұзылғаны туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Проблеманың қайдан туындағанын БАҚ өкілдеріне Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев түсіндірді.

«Бізде Қазақстан-Швейцария-Америка колледжі бар. Бүгінгі таңда ол жерде 900-ден астам адам оқиды. Соның ішінде 53 студент «осал топтарға» жатады. Сол студенттердің құқықтарын қорғау бойынша кедергілер көп екені белгілі болды. Біріншіден, осы 53 студенттің 30-ына мемлекеттік тапсырыс қарастырылған. Бірақ, сол 30 студентті екі топқа бөліп, жеке оқытып жатыр. Олардың әрқайсысының диагнозы әртүрлі, яғни бәріне бірдей тәсілмен білім беру мүмкін емес. Бұл, әрине, олардың құқықтарын бұзатынын, ережеге сай емес екенін көрсетеді», - деді палата өкілі.


Сондықтан, кәсіпкерлер палатасы қалалық білім басқармасына инклюзивті білім беруге берілетін мемлекеттік тапсырыстың тәртібін қайта қарауды ұсынып отыр. «Егер басқа топтарға 2-3 «осал топтағы» студенттен бөліп, олардың өзге студенттермен бірге оқуына мүмкіндік жасалса, инклюзивті білім беру талабына сәйкес келетін еді. Өйткені, қасындағы достары көмектесіп, ешқандай кедергісіз оқуға жағдай жасалар еді. Болашақта да, жұмысқа тұрғанда қалыпты ортадағы адамдармен бірлесіп әрекет етуге машықтануы үшін осындай жағдай жасалуы керек», - деді Бейсен Жолболдиев.


Аталған 53 студенттің қалған 23-інің басында да осыған ұқсас проблема бар көрінеді.


«Қалған 23 студенттің алтауы ақылы негізде түскен. Алайда, олар бүгінгі күнге дейін оқу ақшасын төлей алмай отыр. Білім басқармасына айтылған болатын. «Шешеміз» дегеніне біраз уақыт өтті. Соның өзі шешілмей отыр. Енді қалған 17 студент бар. Оларға бөлінген грант мөлшері өзге студенттерге бөлінетін гранттан екі есе көп болуы керек. Өйткені, олардың жеке мұғалімдері, сүйемелдеп жүретін жетекшілері болады. Бұл заң жүзінде қарастырылған. Ал бұл колледжде аталған студенттерге өзге студенттермен бірдей грант қаражаты қарастырылып отыр. Бұл колледжді қосымша шығындарға мәжбүрлейді.


Қаржыландырудан бөлек инватакси мәселесі бар. Заң бойынша олардың үйден колледжге дейін, колледжден үйге дейін қатынауына жағдай жасалуы керек. Бұл мәселе жұмыспен қамту басқармасының тарапынан қамтамасыз етілмей отыр. Олар 18-ге толғаннан кейін мұндай азаматтар өз бетінше жүріп-тұруы керек дегенді айтады. Заң жүзінде қарасақ, кәмелетке толса да, колледжде оқып жүрген азаматтарға инватакси қарастырылуы қажет», - дейді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры.


Отырыста аталған колледж өкілі де сөз сөйлеп, қаладағы өзге колледждердің басында да осындай проблемалар бар екенін жеткізді. Жиын қорытындысы бойынша хаттама әзірленетін болды. Хаттама көшірмелері қала әкіміне, жұмыспен қамту орталығына, прокуратура органдарына жолданбақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді