Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ДДСҰ биыл қыста екі-үш миллион украиндық "жылу мен қауіпсіздік іздеп" үйлерін тастап кетуі мүмкін екендігін мәлімдеді

Ресейдің Украинаның энергетикалық секторын жою әрекеті осы қыста миллиондаған украиндықтың өміріне қауіп төндіреді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық кеңсесінің басшысы Ханс Хенри Клюге мәлімдеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

"Украинаның энергетикалық инфрақұрылымының жартысы бүлінген немесе қираған. Бұл денсаулық сақтау жүйесі мен адамдардың денсаулығына қазірдің өзінде әсер етуде. Қарапайым сөзбен айтқанда, биылғы қыста адамдар аман қалу мәселесімен бетпе-бет келеді", – деді Клюге Киевте өткен брифингте.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, алдағы қыста тағы екі-үш миллион украиндық "жылу мен қауіпсіздік іздеп" үйлерін тастап кетуі мүмкін. Ел тұрғындары жылу мен жарықтың жоқтығынан әдеттегіге қарағанда респираторлық инфекциялар, тұмау және коронавирусқа көп шалдығады. Ресейдің энергетикаға соққы беруіне байланысты, ДДҰ өкілінің айтуынша, жүздеген ауруханалар мен басқа да денсаулық сақтау мекемелері қазірдің өзінде қалыпты жұмыс істей алмауда – электр қуаты мен су жоқ немесе жеткіліксіз. Клюгенің айтуынша, перзентханаларға инкубаторлар, қан банктеріне тоңазытқыштар, реанимация бөлімдеріне вентиляторлар қажет, ал бұлардың барлығы энергияны қажет етеді.

Клюге сондай-ақ ДДҰ Донецктегі 17 000 АИТВ жұқтырған науқастардың тағдырына алаңдайтынын айтты, олардың жақын арада өмірді сақтайтын ретровирусқа қарсы препараттары таусылуы мүмкін. Донецк аймағының көп бөлігі Ресейдің бақылауында, ал Клюге жаңадан қайтарылған және басып алынған барлық аудандарға гуманитарлық медициналық дәліз құруға шақырды. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның көбеюіне алаңдаушылық бар.

"Вакцинация деңгейінің төмендігіне байланысты, миллиондаған украиндықтың ковидке қарсы иммунитеті жоқ немесе әлсіреген", – деді Клюге. Жақында Украинада қар жауып, ауа температурасы нөлден төмен түсті. Қыста температура -20 градусқа дейін және одан да төмен түсуі мүмкін. Украинадағы электр энергиясының 25 пайыздан астамын өндірген Запорожье АЭС-і қазір іс жүзінде жұмыс істемейді. Өткен демалыс күндері ол тағы да оқ астында қалды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты