Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зеленский Украинаға 90 зымыран шабуылы жасалғанын мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский тағы бір бейнеүндеу жасап, елге Ресей тарапынан үлкен соққы берілгенін айтты. Жазба оның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz

"Бүгін Ресей тағы да ауқымды зымырандық шабуыл жасады. Барлығы 90 зымыран. Энергетикалық жүйе, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер зақымданды", - дейді Украина президенті.

Оның айтуынша, 10 миллионға жуық украиндық жарықсыз қалған. Олардың көпшілігі - Харьков, Житомир, Киев және Львов облыстарының тұрғындары. Сондай-ақ елдің түкпір-түкпірінде интернетте ақау байқалған. Ол сондай-ақ өз үндеуінде Польша аумағына Ресейдің зымырандары құлағанын атап өтті. "Олар НАТО аумағын зымыранмен атқылап жатыр. Бұл Ресейдің ұжымдық қауіпсіздікке жасаған зымырандық шабуылы! Бұл шынымен де маңызды шиеленіс. Әрекет ету керек", - дейді ол үндеуде. Еске сала кетейік, бүгін түнде Украина шекарасына жақын орналасқан Польшаның Пржеводов ауылына екі зымыран құлады. Салдарынан екі адам қаза тапты. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады