Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ритейлі: "қара нарық" пен "түбіртексіз" сауданың кесірі қандай болады

Ресми деректерге сүйенсек, халқы ең тығыз орналасқан Түркістан облысының бір тұрғынына шаққандағы орташа түбіртек оңтүстік астананың тұрғынына қарағанда бірден 19 есе аз. ҚР бөлшек сауданың «сұр» екенін бірнеше жылдан бері жазып келеміз (1, 2), деп хабарлайды finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

ҚР СЖРА ҰСБ ұсынған деректерге қараған кез келген адамның көкейінде бірқатар сұрақтар пайда болады. Айталық, бүгінде Қазақстанда халықтың 40%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Сонымен қатар, ресми бөлшек тауар айналымында ауылдардың үлесіне биылғы жылдың тамыз айында бөлшек сауда көлемінің небәрі 7,4%-ы, ал жалпы жылдың сегіз айында (қаңтар–тамыз) 7,7%-ы ғана тиесілі болды. 

Бұл динамика уақыт өте келе өзгермейді және статистика жақсармайды. Анықтама үшін: жалпы бөлшек саудадағы ауылдық жерлердің үлесі 2021 жылы күмәнді 8,3%, 2020 жылы 9% болды. Ауыл мен қала арасындағы мұндай алшақтықтың себебі ауылдардағы үй шаруашылықтарда қолдың тамағын тұтынатыны, сауда жасау үшін қалаға баратыны ғана емес, цифрлар айырмашылығы тым алшақ. Мұндай деректер қалалардан тыс жерлерде нақты сауда көлемі іс жүзінде мүлде тіркелмейтінінің тікелей дәлелі.


Бұл жерде мәселе ҚР-дағы барлық базарлардағы сауда және басқа да бақылаусыз сауда орындарда тауарды түбіртексіз сатуында емес. Дәлірек айтсақ, бұл, әрине, проблема және салықтың жиналмауына, бөлшек сауда саласындағы азаматтардың еңбегінің бағаланбауына, тиісінше, осындай «өркениетсіз» сауда орындарындағы жұмыспен қамтылған адамдарға тиісті ақшаның төленбеуіне алып келеді. Бірақ басты қауіп — ауылдарда да, қалалар мен қала маңындағы елді мекендерде де мұндай бақылаусыз бөлшек сауда қазақстандық тұтынушыларды қандай да бір қорғаныстан айырады және жиі тікелей өмірге қауіп төндіреді.


Ұзақ жылдар бойы ҚР бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми қадағалау органдары облыстарда да, ірі қалаларда да халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел фактілер туралы жүйелі түрде жазып келеді. Киім және күмәнді косметика қаупі, базардан сатып алынған балалар ойыншықтары туралы да көп жазылған (1, 2, 3), соның ішінде балалар тауарларына қатысты жағдай қиын. Ал азық-түліктің сапасы мен оның жеткізілуіндегі кешігулер тапшылық туындататыны да бар.


Бұған қоса, мұндай бақыланбайтын немесе нашар бақыланатын сауда нүктелерінде санитарлық нормалар, температуралық режимдер және т. б. сақталмайтынды, сондай-ақ «түбіртексіз» саудада азаматтардың реттеушіге шағымдана алуы да екіталай. Ал тұтынушылық құқық мұндай кезде жиі бұзылады. Тек биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық департаменттеріне 11,6 мың өтініш түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (8,2 мың өтініш) 42% көп.


Жалпы, ресми деректердің нақты көріністен қаншалықты ерекшеленетіні статистиканы аймақтық контексте қараған кезде одан да айқын көрінеді. Мәселен, түбіртек арқылы жүргізілген ресми бөлшек сауданың жалпы көлемінде екі астананың үлесіне биылғы жылдың сегіз айында барлық сатылымдардың 43,6%-ы, ал тамызда 45,7%-ы тиесілі болды. Еске салайық: ҚР халқының жалпы санында биылғы жылдың 1 тамызына Алматы мен Астана ел тұрғындарының небәрі 17,6%-ын құрады.


Бұл ретте халқы ең тығыз орналасқан Түркістан облысында қазақстандықтардың 11%-ға жуығы тұрады. Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айларындағы барлық бөлшек сауданың тек 1,7%-ын (тамызда 1,8%) құрады. Мұндай статистикамен облыстағы бөлшек сауданың нақты көлемін қалалардағы да, ауылдардағы да нақты бағалау мүмкін емес. Сондықтан ондағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ешқандай мәселе жоқ.


Орташа түбіртектерді, яғни жан басына шаққандағы бөлшек сауда көлемін есептесек, дәл осындай көрініс шығады. Сегіз айда бір алматылықтың үлесіне 1,34 млн теңгенің бөлшек саудасы тисе, Түркістан облысының бір тұрғыны небәрі 71,5 мың теңгеге, яғни бірден 19 есеге кем сомаға сауда жасаған.


Мұндай статистика тек абстрактілі сандар ғана емес. Нақты цифрландырылған, шынайы және өзекті деректерсіз экономиканың кез келген саласына, соның ішінде саудаға мемлекеттік қолдау шараларын жүргізу мүмкін емес. Бұл еңбек жағдайын бақылау және жақсарту, қауіп-қатер мен кей ньюанстарды дер кезінде көру және сараптау, мемлекеттік деңгейде де, жергілікті деңгейде де, бизнестің өз аясында да қажетті заңдар мен жобаларды қабылдауға кедергі келтіреді.


Өкінішке қарай, мұндай деректерге сүйенсек, біз әлі де өркениетті саудадан және сәйкесінше қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын нақты қорғаудан және барлық азаматтардың жоғары сапалы қауіпсіз өнімді сатып алу мүмкіндігінен өте алшақпыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді