QazTrade АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы Ташкенттегі халықаралық инвестициялық форум аясында «Бөлшек сауданың цифрлық трансформациясы» панельдік пікірталасында сөз сөйледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Спикерлер, соның ішінде ӨР Инвестиция және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бахтиер Рахимов, Korzinka.uz супермаркеттер желісінің негізін қалаушы Зафар Хашимов, Makro (Өзбекстан) супермаркеттер желісінің басқарушысы Роман Сайфулин және Magnum Директорлар кеңесінің төрағасы Азамат Османов Орталық Азия Ритейл нарығын дамыту перспективаларын талқылады.
Азамат Асқарұлы Қазақстандағы бөлшек сауданы дамыту тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстанның сауда саласындағы сату көлемі көтерме форматта да, бөлшек саудада да тұрақты өсу үрдісіне ие. 2021 жылдың қорытындысы бойынша көтерме-бөлшек сауданың жалпы көлемі 42,2 трлн. теңге немесе 100 млрд. АҚШ долл. құрады. Нақты мәнде, пандемияға дейінгі кезеңде сауда саласы жылына 7,6%-ға өсті. 2020 жылы қатаң карантин аясында салада 7,2%-ға құлдырау байқалды, ал 2021 жылы нақты өсім 9,2%-ды құрады. Ағымдағы жылы өсім жалғасты және алғашқы 2 айда ол 6,1%-ды құрады, бұл ретте бөлшек сегментте 7,5%-ға төмендеу байқалды.
- Пандемия электрондық коммерцияны дамытудың драйверіне айналды. Өткен жылы Қазақстанда төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалатын транзакциялар көлемі 220 млрд доллардан асты. 2014 жылдан бастап Қазақстанда электрондық сауда көлемі 10 есе өсті. Біздің мақсатымыз 2025 жылға қарай ел ритейлінің жалпы көлеміндегі е-коммерция үлесін 15%-ға дейін жеткізу. Өткен жылдың 9 айында оның үлесі шамамен 11%-ды құрады, - деп хабарлады Асқарұлы.
Қазақстанда 100-ден астам интернет-дүкен мен 20 жергілікті және халықаралық маркетплейстер жұмыс істейді. Ең ірі қазақстандық онлайн-алаңының - Kaspi.kz - шамамен $1млрд айналымы бар. Arbuz.kz онлайн-супермаркеті (тауарлар ассортименті 20,000 атаулардан астам) халықаралық деңгейге шығуды жоспарлап отыр, Бельгия мен АҚШ-та іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның ірі маркетплейстерінің бірі Flip.kz және Satu.kz ай сайын әр алаңға 5 млн-нан астам пайдаланушы барады.
Бұл ретте, Асқарұлының айтуынша, саудадағы жаңа тренд маркетплейстер бәсекелестігінің өсуі болып табылады.
- Тұтынушылардың талаптары үнемі өсіп келеді. Статистика көрсеткендей, тұтынушылар өнім мен дүкеннің сапасын өнім туралы ақпарат алу жылдамдығына қарай бағалайды. Статистикаға сәйкес, егер олар барлық ақпаратты бірінші кезекте тапса, сатып алушылардың 41%-ы басқа дүкенге бармайды, ал егер өнім туралы ақпарат болмаса, 31%-ы басқа сайтқа 10 секунд ішінде ауысады. Сондай-ақ, маркетплейстер баламалы цифрлық сату арналарын дамыта отырып, тауарлар туралы ұсынатын ақпараттың болуы мен форматына назар аударуды күшейтуі қажет, - деді Асқарұлы.
Пікірсайысқа қатысушылар саланы дигитализациялаудың әртүрлі қарқынына қарамастан (ол әртүрлі өңірлерде сатып алу дәстүрлерімен де, инфрақұрылымды дамытумен де байланысты) елдер цифрлық жобаларды түйістіруге ұмтылатынын атап өтті. Мәселен, электрондық коммерцияның дамуына QazTrade халықаралық сауда орталығы және ЕО-мен бірлесіп, Орталық Азиядағы ішкі-өңірлік және халықаралық сауданы қолдау жөніндегі «Ready4Trade Central Asia» жобасын іске асыруға ықпал етеді.
- Қазақстанда ШОБ-ты онлайн-сауданы жүргізуге оқытумен айналысатын 9 ұлттық бизнес-жаттықтырушы сертификатталды. Тоқыма, тігін ісі, қолөнер және агробизнес саласында жұмыс істейтін 45 компания іріктеліп алынды, олардың өкілдері оқытудан өтуде. Жоба қорытындысы бойынша біз өз бизнесін онлайн-ортада белсенді жүргізетін шағын және орта отандық кәсіпорындар пулын қалыптастырамыз деп үміттенеміз, - деп түсіндірді Асқарұлы.
Аскакруланың пікірінше, өңірдің барлық елдерінде сауда саласындағы цифрландыру процестерін күшейту үшін «Орталық Азия» шекара маңы өнеркәсіптік кооперациясы орталығының базасында құруды ұсынған барлық қажетті инфрақұрылымы бар Орталық Азиялық электрондық коммерция хабы ықпал ете алар еді.
Жалпы, кездесуге қатысушылар атап өткендей, өркениетті ритейл, әсіресе азық-түлік тауарларымен сауда жасау «өмір инновациялары эволюциясының көрсеткіші» болып табылады. Өйткені «басқа салаларға: инфрақұрылымға, телекоммуникацияларға, өндірушілерге, фискалдық саланы дамытуға және т. б. неғұрлым тәуелді сектор болып табылады».