Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында 20 жастағы жігіттің аяғы жұлынып кетті

20 тамызда Көкшетау полициясына фельдшерден 20 жастағы жасөспірім сол аяғының травматикалық ампутациясымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түскен. Бұл жайтқа қатысты еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 20 тамыз күні сағат 19.44-те Көкшетауда жедел жәрдем станциясының фельдшерінен облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне "травматикалық ампутация, сол жақ жіліншіктің үштен бір бөлігі, жұмсақ тін ақауларымен сол жақ жіліншіктің үштен бір бөлігінің жыртылуы" диагнозымен 20 жастағы қала тұрғынының жеткізілгені туралы қоңырау түскен.

Жедел-тергеу тобы жәбірленушінің кәсіпорында жүк көтергіште (тауарларды жылжытуға арналған құрылғы) жұмыс істеу кезінде жарақат алғанын анықтаған.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ПД хабарламасында. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді