Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы дәріханаларда тыйым салынған дәрі-дәрмектер алаңсыз сатылып келген

Елордадағы кейбір дәріханаларда тыйым салынған дәрілер емін-еркін сатылып жатыр. Полицейлер дәріханадағы нашақорлықтың жолын кескен, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Фармацевтер өз пайдасы үшін есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге қатты әсер ететін медициналық препараттарды заңсыз сатқан. Желіде таралған кадрдан белгісіз азаматтың дәріханаға кіріп, рецептпен берілуі тиіс дәрілерді алып жатқанын байқауға болады. Автордың айтуынша, қала ортасындағы дәріханалар тыйым салынған дәріні емін-еркін сатылымға шығарған. Оны бір ғана жерде емес, бірнеше жерге барып өз көзімен тексеріп көрген.

Елордалық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рейд жүргізу барысында бірнеше дәріханаға құжаттама толтырды. Дәріхана маңындағы тұрғындардан шағым жиі түсетін көрінеді. Бірақ полицейлер жеке кәсіпкерлерді қалаған уақытта тексере алмайды. Олар соны пайдаланып отырған көрінеді. Ал тәртіп сақшылары дәріхана иесіне тек айыппұл ретінде жаза қолдануға қауқарлы.

"Дәріхана иесі сол дәріхананың фармацевтерін ауыстырады. Тек фармацевтке ғана әкімшілік жауапкершілік тартылады. Қазіргі таңда бір материалды біз қалалық сотқа жібердік, ол жерде әкімшілік іс қаралып, аталған жеке кәсіпкер 6 айға өзінің кәсіпкер
лік қызметін уақытша тоқтатады", - дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты