Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдеріне бастарын құмға тықпауға шақырды

«Түйеқұс саясатымен айналыспаңдар» деді облыс әкімінің  қала мен аудан тұрғындарының алдындағы кездесуін қорытындылап, нәтижесіне саралаған жиында, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бүгінгі таңда халық пен жергілікті атқарушы билік арасындағы диалогтың мүмкіндігі ең маңызды мәселе болып отыр. Алайда, кейбір қала, аудан әкімдері бұған немқұрайлы қарап, дәрменсіздік танытып, облыс басшысына арқа сүйеуге тырысады. Және ол келіп, барлық мәселелерді шешеді деп күтеді. Сондықтан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін облыста әрбір елді мекенге басқарма басшылары, ШҚО әкімінің орынбасарлары және қалалар мен аудандар әкімдері қатарынан кураторлар бекітілетін болады.

- Әр ауылға барып, тұрғындарының өзекті мәселелерін анықтау керек, - деді Даниал Ахметов. - Алдағы үш жылға кураторлар тағайындалып, олар қалыптасқан жағдайға сәйкес жекелеген елді мекендерді дамытудың нақты жоспарын әзірлеуге тиіс.

Өңі басшысы сондай-ақ мәселелерден қашпауға, жасырмауға, олардың барын мойындап, шешу жолдарын іздеу керектігін баса айтты. Атап айтқанда, кейбір елді мекендерді тұрақты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Облыс билігі өз тарапынан қосымша мұнаралар немесе антенналар орнатуға дайын, бірақ жағдайды мұқият талдау қажет.

- Азаматтардың әл - ауқатын жақсарту,әрқайсымыздың міндетіміз, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, жиында Өскемен мен Семей қалаларында  индустриялық аймақтарды дамыту және жайылымдық жерлерді тікелей пайдалануға қайтару жайы да сөз болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады