Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Президентке Жоғары сот кеңесінің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, соның ішінде судьялардың іріктелуін жетілдіру шаралары, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру барысы және судьяларға қатысты тәртіптік тәжірибенің жағдайы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Денис Шипптің айтуынша, Кеңестің қызметі заманауи HR тәсілдерін кеңінен қолдануға және заңгерлер қоғамдастығы өкілдерін белсенді түрде тартуға мән бере отырып, ашықтық пен шынайылық қағидаттары бойынша жұмыс істеуге негізделген.

Судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттеледі.

Бұл ретте, соңғы жылдары былтыр алғаш рет сот жүйесінің қатарын толықтырған судьялардың саны, жұмыстан кеткендерден басым болғаны байқалды. Осылайша, сот корпусына бірінші рет 103 адам тағайындалып, 90 судьяның өкілеттігі тоқтатылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот кадрларын барынша жаңартуды және сот жүйесіне тәжірибелі мамандарды тартуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың перспективті бағыттары баяндалды. Судьяларды іріктеу мәселелері бойынша заңға енгізілген қосымшаларды іске асыру аясында биыл салалық мамандар үшін облыстық соттардағы судья лауазымына арнайы конкурс өткізу жоспарланып отыр.

Кеңес жұмысының ашықтығын одан әрі арттыру мақсатымен заңгерлер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді