Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске Қазақстан төрағалығының бірінші жылының қорытындылары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар Хатшылықтың қазіргі қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде форумның институционалдық дамуына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Осы ретте, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Ақылмандар кеңесін құруға және АӨСШК-тің Талдау орталықтарының форумын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік алаң ретінде қайта құруға қатысты бастамаларының іске асырылуы туралы мәлімет берді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа АӨСШК аясында Азия аумағындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 50-ге жуық іс-шара өткізілгені туралы айтылды.  

Бұдан бөлек, Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Кеңестің сыртқы саяси ведомство басшыларының жуырда болған кездесуінің негізгі қорытындылары мен 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК-тің VI Саммитіне дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі алдағы жиынға тиянақты дайындалудың, соның ішінде маңызды мәселелер мен ұйымдастыру жұмыстарын пысықтаудың маңызды екеніне баса мән берді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді