Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ-де қылмыстық-процестік нысандар мен іс жүргізулерді біріздендіру талқыланды

ІІМ-де қылмыстық-процестік нысандар мен іс жүргізулерді біріздендіру талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 наурызда Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша “Қылмыстық-процестік нысандар мен іс жүргізулерді біріктіру” тақырыбына халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

<!--more-->Конференцияның жұмысына Бас прокуратураның, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Висмар қаласындағы Қолданбалы ғылымдар университетінің жанындағы Шығыс институты (Германия), М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ, “Тұран – Астана” университеті, “Bolashaq” Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті сияқты шетел және отандық ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты.

<!--more-->Санжар Әділов қолданыстағы қылмыстық-процестік нысандар мен іс жүргізулер, олардың тергеу тәртібі туралы айтып берді.

<!--more-->С.Әділов отандық заңнаманың тергеуді жүргізудің үш нысанда: анықтау, алдын ала тергеу мен хаттамалық нысанда жүргізу мүмкіндігін және жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру, бұйрықтық іс жүргізу, кінәні мойындау туралы келісім мен процестік келісім сияқты өндірістің төрт түрін көздейтінін атап өтті.

<!--more-->Заңнама қабылдаған нысандар мен іс жүргізулер арасында оларды ұйымдастыру тұрғысында елеулі айырмашылығы жоқ, өткізілетін тергеу мен процестік іс-әрекеттердің бірдей көлемі белгіленген.

<!--more-->Тергеудің мерзімдері мен тергеулік – бұл алдын ала тергеу мен анықтау арасындағы жалғыз айырмашылық, ал хаттамалық нысан қылмыстық құқық бұзушылықтың санатымен ғана ерекшеленеді.

<!--more-->Келісімдік іс жүргізуге тоқтала отырып, С.Ә. Әділов жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, бұйрықтық іс жүргізу мен кінәні мойындау туралы келісімді қолданудың негіздері, қаралатын құқық бұзушылықтардың санаттары бойынша өзара ұқсас екеніне, ал күдіктінің қылмыс жасауда кінәсін мойындауы, қойылған талап-арыздың талаптарымен келісетіні барлық іс жүргізулерді біріктіретін міндетті шарт болып табылатынына назар аударды. Соңғы жағдайда келісімдік іс жүргізу жасасқан адамға қатысты баптың санкциясында көзделген санкциядан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау көзделген.

<!--more-->Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша оның қатысушылары қылмыстық-процестік іс жүргізулерді қысқартудың мақсатқа сай екендігі туралы ортақ пікірге келді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді