Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген жөн" - Алматы облысының теологтарының кеңесі

Отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі жөнінде kazlenta.kz тілшісіне Алматы облысының беделді теологтарының бірі, республикалық ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі Ерлан Матаев мырза айтып берді.

- Ерлан, технологиялар дамыған заманда, баланы тәрбиелеу жас отбасылар үшін қиын мәселе болғаны ешкімге құпия емес. Жалпы, өзіңіз дін маманы ретінде, қандай кеңес берер едіңіз?

- Қасиетті шариғатымызда, Ислам діні бойынша бала тәрбиесіне, дінімізде бала тәрбиесін оның анасының қандай болатындығын яғни сол балаға қандай тәрбие бере алатындай ананың болғанын ең бірінші кезекке қойған. Өйткені, қазақ ата-бабамыз "Шешесін көріп, қызын ал" деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда бір ғалымға барып, менің осындай балам дүниеге келіп жатыр, оның тәрбиесін неше жастан бастаған дұрыс дегенде "Сіз 1 жылға кешігіп қалдыңыз" деп яғни оның алдымен қандай жар таңдағандығына аса мән бергендіктен. 

Екіншіден әрине дініміз бойынша бала тәрбиесіне ең бірінші оның діни имандылық тәрбиесіне аса  ден қойған, мән берген. Өйткені Абай атамызда өзінің бір сөзінде айтадығой "Мүмкін болсаң алдымен иманды бол, имандылық өзі ашады жол" дегенде ең бірінші дінімізде балаға оның Құдайын тануға, оның Жаратушысын тануға, имандылығына аса мән берген. Сондықтанда қазақ ата-бабамыз "Құдайдан қорықпағаннан қорық" деп осы сөзді жалпы жұртқа бекер айтпаса керек. 

Одан кейінгі тағы бір дінімізде мән берілетін баланың тәрбиесіне қатысты, екінші оның қоршаған ортасы. Әрине "Отан - отбасыдан  басталады" деп ең алдымен бала тәрбиесін сол отбасымыздан бастайтын болсақ, оның шешесін таңдаудан, жар қылудан одан кейін жанағы қоршаған ортасына байланысты болмақ.

- Ал қазіргі заманның балаларын қалай тәрбиелеген жөн? 

- Қазіргі 21-ғасыр осы замандағы маңызды бір факторлардың бірі ол әлбетте "әлеуметтік желі". Өйткені бала мүмкін отбасымен дұрыс болмауы мүмкін, мүмкін достарымен жаңағындай қарым-қатынасы дұрыс болмауы мүмкін, бәлкім тұйық болуы мүмкін, ұяң болуы мүмкін осындай кезде балаға тәрбине кім береді? Ол кезде, қазіргі таңдағы мына әлеуметтік желі, интернет бере бастайды. Көптеген жастарымыздың осындай дұрыс емес бағыттарға, тіпті діни теріс бағыттарға ең бірінші алып кетіп жатқан осы интернет әсіресе әлеуметтік желілер болып табылады. Сондықтанда баланы былайша айтқан кезде интернетте, әлеуметтік желіде ешқандай қадағалаусыз қалдырып қою, үлкен бір қазіргі таңдағы өзекті проблемалардың бірі.  

Біз кейде, мына қазіргі дамыған заманда көбінесе біздің ойымызда сананы, санамызда тұрмыс билеген заманда бала тәрбиесін тек қана бір екінші сатыға қойып қоятын сәттерімізде болады. Бұл бір өте үлкен қателік деп есептеймін, өйткені бала тәрбиесі бұл кейбір біздің мемлекеттік жұмыстанда маңызды деп есептеуге болады.

- Батыстан келіп жатқан теріс топтар, саясат күштері бар, мысалы ЛГБТ деген секілді, олардан қалай сақтануға болады? 

- ЛГБТ дейміз бе әр-түрлі осындай азғындық бір топтардың саясаттарының жүріп жатқанын естіп біз жалпы көріп,біліп жатқан жағдайымыз бар! Енді бұның өзі еліміз бойынша жалпы біздің қазақи дүние танымызға өте бір жат ұғым, тіпті бұны ата-бабаларымыздың жалпы тарихынан көретін болсақ, еш бір жерде кездестірмеген бір тарихи факторлардың бірі деп атауға болады. Өйткені қайсы бір ақын - жырауларымызда немесе батырларымызда кезкелген  бір тарихи ұлы тұлғаларымыздың тарихын оқып кезкелген тарихымызды оқитын болсаңыз бұндай бір қоғамымызда біздің қазақ даласында бұндай азғындықтың болмағандығын біз байқаймыз. Енді сол тарихымызды оқитын болсаңыз, сол тарихтан ақ біз көптеген нәтижелерге көз жеткізуіңізге болады. 

Тарихымызда сол батыр тұлғаларымыз кез келген рухани, әсіресе тұлғалармыздың тарихын оқып қарасаңыз бұлардың тарихында ешқандай азғындықтың болмағандығын байқаймыз жәнеде оған бір себеп ретінде әлбетте кез келген ақын жырау батырымызды алып қарайтын болсақ, сол олардың, сол дінмен тәрбилегендігін тіпті Абай атамыздын да анасы баласын дәретсіз емізбеген деген секілді үлкен бір рухани дәрежедегі тәрбиемен ұлттық тәрбиемен және діни тәрбиемен тәрбиеленгенін байқаймыз. Енді бір осындай рухани тұрғыдан, діни тұрғыдан тәрбилер болмағандықтан қазіргі осындай батыстың былайша айтқан кезде, сондай бір батпанына батып жатқан жағдайымыз бар! Енді оған тағы бір күйінетін  сондай бір кейде әттеген ай деп қалатын жағдайларымызда көп кездеседі. Енді біз руханият саласында қызмет атқарғаннан кейін адамның жан дүниесі нені қалайды ,нені сұраныс қылады деген кезде? Біз адамның жанының осындай діни тәрбиеден біздің ұлттық рухани құндылықтарымыздан, немесе ұлы тұлғаларымызға еліктеуден тұратының ескеретін болсақ енді біздің қазіргі қоғамда істеліп жатқан менің әсіресе бір жаным ашитын жағдайлар өте көп. 


Кейде бұл өзімізге бір істеп жатқан қылмыс депте айтуыма тура келеді. Өйткені не себепті оған мынадай факторлар бар, мысалы қазіргі таңда біздің телеарналармыз газет журналдарымыз немесе әсіресе интернеттегі әр түрлі парақшалар болсын немесе бір жарнамалар болсын барлығына алып қарайтын болсаңыз осы бір батыстың жанағдай мәденитін дәстүрін тікелей дәріптемеседе бірақ жанама түрде бір дәріптеліп жатқандығын көзіміз көріп жатады. Бұл жалпы мәдениет осындай бір елдің өзінің салт -дәстүрін тарату үшін оның  неше түрлі жаңағыдай құралдары бар сол бір қазіргі 21- ғасырдағы ең бір мықты құралдардың бірі бұл әрине телевидинение саласы, яғни сіз балаңызды кез келген мемлекеттің бір дәстүрін көру үшін бір шетел асып барып саяхаттап оны айтып жүруіңіз қажет емес. Қарапайым ғана бір бейне ролик немесе бір сурет шығарыңыз және оны әлеуметтік желіге осындай әр түрлі жобаларға тарата салыңыз. Міне соның өзі ол насихаттын ең былайша айтқан кезде төресі  деп айтуға болады. Сондықтанда осындай бір сәттерді, осындай бір елімізде болып жатқан руханият саласындағы ол қылықтарды көрген кезде  өте бір қынжылатын сәттеріміз өте көп болады. 

Сол жаңағы батыстың мәдениетін, батыстың салт-дәстүрін, былайша айтқан кезде бізге мәдениет әсіресе руханият саласына үлкен бір өзгеріс дейміз бе, сондай бір қажеттің қажеті-ақ, мәдени бір стратегия дейміз бе бір тосқауылдар көбірек қажет. Оның өзі қазіргі таңда осындай проблемаларды шешудің бір бірден бір жолы деп өз басым есептеймін. Сондықтандай сондай бір, айта берсек енді бұл тұрғыда өте мәселелер көп, оны бұл сұхбатқа сидырудыңда реті келмейді, бірақ бір сондай бір қынжылатын ол қылықтарымыз бар.

- Алматы облысында, Жетісу жерінде, сіздей мамандарға бала тәрбиесі жөнінде кеңес сұрап келетін отбасылар барма? 

- Біздің жалпы діни басқармалар, дін істер басқармасына мұндай өтініштер, сұрақтар әлбетте келіп түседі. Өз жеке басыма келетін болсам, әртүрлі маған мысалы ұсыныстар келеді, осындай жастармен, осындай тақырыпта кездесу өткізіп берсеңіз, өйткені қазіргі көп жігіттер осындай әскерге барудан жалтақтайды, одан кейін жанағы мектепте мұғалімді тыңдамайды, сабақ нашар оқиды, одан кейін қазіргі мына әлеуметтік желіге кіріп кетіп, бұлар кітап оқуды жалпы осындай нәрселерді қалдырып бара жатыр, осыған бір ақыл-кеңес айтсаңыз тіпті мені ата-аналар жиналысынада шақырып, ата-аналарға сондай баласын қалай дұрыс тәрбие беру мақсатында түрлі шараларға шаұырып жатады.

Ал бұл өз кезегінде нені көрсетеді? Бұл демек қоғамда сондай проблемалардың барлығын көрсетеді. Сондықтанда бізге сондай сауалдар жиі түсіп тұрады әсіресе өз басыма сондай жеке кездесулерге шақыру тіпті қазіргі карантин режиміндеде тіпті онлайн байланысқа осындай семинарларға, тренингтерге осындай кездесулерге көптеп шақырып жатады. Ал енді одан да басқа енді діни бағыттағы ағымдарға байланыстыда көптеген сұрақтар келіп жатады.

Енді барлығының түп негізі қарайтын болсаңыз, сол жаңағы мен әуелі басында айтқан бірінші сұрағымдағы жауаптарға сәйкес сол тәрбиенің үш тұғырлығы негізінен өзіміздің былайша айтқан кезде өзіміздің көптеген кемшіліктеріміз арқылы болып жатқан жағдайлар және соны біз қазір көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүрген жағдайымыз бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді