Қарабұлақ ауылының наиб имамы Ертай Бақытбек kazlenta.kz сайтының тілшілеріне болашақ ұрпақты теріс діни ағымдардан қалай қорғаунға болатыны жайында айтып берді.
- Ертай мырза, жалпы айтқанда, балаларғаа дін саласын қалай түсіндіргеніміз дұрыс?
- Қанша 70 жыл кеңестік өкімет болып дінсіз қоғам болсада, бірақ имансыз қоғам болмаған дид. Бірақ сол заманда қазақтың имандылығы ата-бабамыздан балаларына ұят болад, обал болад деген сөздерімен балаларын иман, имандылыққа, мейірімділікке баулыса кәзір заманда, осы уақытта, кәзір 21 ғасырдың бір өкініштісі қолымыздан жіберіп қалған нарсе ата-ананың баласына, ұрпағына дұрыс тәрбие бере алмауы, ал баласының ол тәрбиені интернеттен,телефон желісінен не болмаса басқа бір кісілердің сөздерінен өзіне рухани азық іздеу болып жатыр. Сондықтан, батысқа еліктейміз дейміз соны Мұхтар Шаханова ағамыз айтқандай: «Батыстың өркениетін аламыз деп олардың шұңқырына, лай шұңқырына түсіп кетпейік» деген сөзі бар, қараңыз, сондықтан ұрпағымыздың тәрбиесі әрбір жан-ұясына, әр азаматтың бірінші ойына алатын дүниесі болу керек.
Пайғамбар (с.ғ.с.) өзі де ұрпақтың тәрбиесін жіті қараған кісі ол кісі сол ұрпақтан дінді жалғастыру үшін де білімді, білімпаздарды жетістіру үшін де өзінің мешітінің жанынан арнайы оқу орындары ашылып, сол жерге оқу орнында жас ғалымдарды тәрбиелеген кісі еді. Сондықтан, осы жат діни ағымдардың кесепаты тек ғана біздің ислам дініндегі бір ағым жетекшілерді деп айтпауға болмайды нешетүрлі діни орындарда, нешетүрлі ағымдар да болады христиандық оның тармақтар ағымдары тіпті өте көп, біздің Талдықорғанның өзінде олардың ұйымдары, нешетүрлі ұйымдары біз кәзір көз көріп отырмыз.
- Ал жат діни ағымдардан қалай қорғануға болады?
- Ал ислам дініндегі келіп жатқан осы жат діни ағымдар бұл саяси ұйымдарда құрбаны болып олардың бір ұйымдардың түпкі мақсаттарымен ұлтқа болған көзқарастары нашар дұрыс болмау себебінен казіргі жас буын ұрпақтарының санасын улап жатқаны ашық, ал ол сондықтан олардан сақтану жолдары қандай осы діни мамандар осы Қазақстан Діни мұсылмандар басқармасы осы жас ұрпақтың осы ұрпақ алды өсіп жатқан халықтың, осы діни дұрыс сауаттылығымен дұрыс жолға бағғытау ата-бабамыздың дәстүрімен Абу Ханифа Мазхабымен жүру үшін неше түрлі сараптау жүргізіп дін мамандарын жетістіріп жатыр және сараптауынан өткен діни оқу құралдарымен оқығанды бұйырып жатыр және соны дәріптейміз.
- Қазақстанда, жалпы Алматы облысыныда бұл салада қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
- Бізде Қазақстан Діни басқармасы осы Тәуелсіз ел қазіргі таңда 10 шақты медресе оқу орындары ашылып, ұл-қыздардан осы жас ұрпақтардан толыққанды осы ата-бабамыздың дәстүрінен діни ұстаным жолында жүру үшін оқу орындарында, сауат ашу орындарында осы толыққанды сабақ беріп жатырмыз. Ал енді ата-ананың баласына да осы жат діннен қалай сақтауға болады, бірінші ата-ана өзінде бар болса бере алады, қазір ата-аналардың арасында көбісі жоқ, діни білім жоқ, діни түсінік жоқ болғаннан кейін баласына ешнәрсе айта алмайды, бере алмайды, сондықтан, ата-анасынан көрмеген бір ұстанымды, сенімді бала ол қашанға дейін сіздің балаңызды, ұлыңыздың, қызыңыздың қасында жүресіз, олардың ертеңгі күні бойжетед, ертеңгіт күні ержетед. Басқа сіз қолыңыздан шығып кететін күні болад, ал ол сол кезде бәрібір руханият іздейді, ал сол руханиятты басқа біреудің аузынан естіп жатады, басқа біреудің ұстанымына кіріп жатады, ала ата-анасы мұсылман ата-анасы болған өзі ұстанымды, өзі діни көзқарасын баласына өзі дұрыстап қалыптастырып жеткізу керек, сондықтан да ұрпақ тәрбиесі басты назарда болу керек, әрбір менің өз ойымша осы оқу,мектеп орындарында , оқу орындарындағы балаларға, осы жас-ұрпақтарға діни көзқарас қалыптстыру үшін діни тәрбие бір үгіт-насихаты болып тұрған дұрыс деп айтам, ол жерде енді құлшылық, ғибадат, намаз, ораза деп айтылмаса да, осы ата-ананы құрмет, осы жаманшылықтардан сақтану, ұлттық қауіпсіздік және ұлттың бір болмысын сақтау үшін әртүрлі бағытта насихат айтылып тұрғанын қалар едік кәзір заманда шығып жатқан мына біржыныстылардың қатынастары олардың бәрін қарап сол ұлттың руханиятына болған қауіпті жағдай деп ойлаймын сондықтан осы діни ұстаныммен бірге ұлттық ұлтымыздың дәстүрі мен санасын зерттеген, дәстүрін қалыптастырушы үшін дұрыс бағытта беру үшін ата-бабалар дін мамандары осы баланы, ұрпақты жастайынан осы дұрыс көзқарас қалыптастыруға әрекет жасау керек деп ойлаймын.