Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алты жетімді бауырына басқан қарағандылық құтқарушы

Көп балалы Николай мен Татьяна Соболевскийдің ісін ерлікке балауға болады. Николайдың әйелі Татьяна балалар үйінде тәрбиеші. Олар бүгінге дейін алты баланы асырап алған. Оған қоса, тағы үш туған баласы бар. Жетімдерді асырап алу қызы Нинельдің идеясы болған. Бала кезінен анасының жұмысына барып жүрген кішкентай қыз, бауырларының болғанын қалайтынын жеткізген. Кейін Николай мен Татьяна ақылдасып, біреуі жеткіліксіз деген пікірге келеді. Осылайша ерлі-зайыптылар, Николайдың әйелі жұмыс істейтін балалар үйінен алты баланы асырап алады, деп хабарлайды kazlenta.kz Қарағанды облысының ТЖД-не сілтеме жасап.


Николай Анатольевич 13 жылдан бері Қарағанды қаласының Құтқару бөлімшесінде бас құтқарушы болып қызмет етеді. Мамандығының қиындығына қарамастан, ол өз жұмысын жақсы көреді. Сонымен қатар, Николай – сүйікті жар, тоғыз баланың әкесі.


«Барлық бала ата-ананың мейірімін көруі тиіс» - деген отбасы әр баласынан немере-шөбере сүюді армандайды. Өздерінің екі ұлы – Кирилл мен Денис өсіп, бөлек тұрады. Кішкентайларынан тағдырдың тәлкегін көрген Ксения, Настя, Карина, Алина, Мария, Луиза қазір әке мен шешенің мейіріміне бөленіп, бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Достығы мығым, берекелі отбасының балаларының үлкені – 24 жаста, кішісі – 10 жаста. Бұл үйдегі әр баланың тағдыры сан түрлі. Алты баланың әрқайсысы түрлі ұлттан.


- Асырап алған балаларымызға дейін бізде жағдайы төмен отбасының баласын тәрбиелеу тәжірибесі болды. Біз Анара атты қызға ресми түрде қамқорлық жасамадық. Тек балаға көңіл бөліп, жақсы көрдік. Анара біздің балалармен қатар өсті. Жұбайым екеуміз қызымыздың бақытты болғанына қуаныштымыз. Қазір ол 37 жаста, тұрмыста, 4 баланың анасы, - деді құтқарушы Николай. 


Дегенмен, Соболевский отбасы әртүрлі және бейтаныс балаларды тәрбиелеу оңай болмайтынын білді. Татьянаның айтуынша, барлық қиындықтарды еңсеруіміз Николайдың қолдауының арқасы дейді.


- Біз ешқашан әкеміздің бірегейлігіне күмәнданған емеспіз. Ол болмаса, мен бір өзім шешім қабылдай алар ма едім? Жоқ. Барлығы оның қолдауымен! Қиындықтар мен уайымдар ... олар кімде жоқ? Барлық көп балалы отбасылардағыдай. Бүгінгі таңда біздің қыздарымыз керемет ана болатынына және ата-аналарының қателіктерін қайталамайды деп сенімді түрде айта аламыз, - деп бөлісті Татьяна.


Әрбір қыз бала үшін әке – әлемдегі ең жақсы адам екені сөзсіз. Николай Анатольевич, қиын қызметіне қарамастан, әрқашан отбасы үшін уақыт табады. Қыздарының айтуынша, ол жұмыста қатал болғанымен үйде – жұмсақ, әрі қамқор.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді