Исламның әйелге қарым-қатынасын, берген мәртебесі, олардың құқықтарының қаншалықты екені туралы kazlenta.kz тілшісіне Алматы облысының дінтанушысы Қуат Маратұлы айтып берді.
- Қуат Маратұлы, жалпы Ислам дінінде әйел затының орыны қандай?
- Ислам дінінде әйел адамға ең құрметке лайық адам деп қаралған. Пайғамбарымыз с.ғ.с. нан бір адам кеп сұрайды: "Ей Алланың елшісі мен құрметтеуге лайық адам кім?" деп сұраған кезде Пайғамбарымыз с.ғ.с.: "Анаң" деп жауап берген. Екінші сұрағанда да "Анаң" деп айтқан. Үшінші сұрағанда да "Анаң" деп айтқан еді. Төртінші сұрағанда "Әкең" деп айтқан. Бұл жерде құрметтеуге лайық адам ол әлбетте ана. Ал енді ол ана болмай тұрып, әйел адам қай кезден бастап құрметке лайық деген кезде: "Ол тіпті кішкентай дүниеге келген кезде бастап құрметке лайық".
Пайғамбарымыз с.ғ.с. : "Сендер үйге сыйлық әкелген болсаңдар, бірінші қыздарыңнан бастаңдар дейді. Тіпті үйге келген кезде ұлың бар, қызың бар алдыңнан жүгіріп шыққан болса, бірінші қыздарыңның маңдайларынан сүйіңдер" дейді. Қараңызшы, сондықтан да қыз бала ол мәртебесі, мәртебесі болғанда қалай, мәртебесі жоғары ол - ер адам, ал әйел адам ол - нәзік, құрметке лайық адам.
Сол себепті Пайғамбарымыз с.ғ.с. : "Жәннат ананың табанының астында" деді. Әкенің деп айтқан жоқ, ананың деп айтты. Ананың мәртебесі исламда өте, былайша айтқан кезде құрметке лайық және жоғары болып саналған. Тіпті, Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадисінде былай деп айтады: "Бір қызын тұрмысқа берген болса біреу, жарасымды мүмкін ғой енді. Ол жерде қандай да бір жағдайлармен жараспай қалуы мүмкін, дәм-тұзы жараспай ажырасуы мүмкін мысалыға. Ажырасқан болса, ол қыз үйге қайтып келген болса әке-шешесі "кет, келген жеріңе қайтадан кет" деп қуып жіберу емес, өзі қиналып келген болса оның да көңіліне қарап, оған жақсы мәмілелер болыңдар" деп айтқан.
- Ал сонда қыз баланың мәртебесі қандай?
- Мысалыға деп айтайық, қыз бала әлгі қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлынан бір адам сұраған екен: "Сіз осы батыр деп кімді айтасыз?" деп, "Өзіңізді батыр санайсызба?" деп сұраған кезде Бауыржан Момышұлы айтқан екен: "Мен өзімді батырмын деп санамаймын, нағыз батыр деп қыз баланы файтар едім" деген екен. "Өйткені мен қандайда бір жерге барған болсам, ол жерде екі күн, үш күннен артық қала алмаймын. Ал қыз бала, былайша айтқанда асқар таудай- әкесін, аялаған- анасын, бауырларын барлығын тастап біреудің етегінде ұстап басқа жерге кетеді солай емес пе, және ол жерге барады дағы танымайтын жерге барып, туын тігеді, ол жерде ол мәңгілік қалады. Былайша айтқан кезде, сол жерде ол ұрпақ көбейтеді, сол жерде мәңгілікке қалады. Мен ең батыр адамды - қыз бала деп айтар едім" депті.
Көрдіңіз бе, ол енді қыз бала бөтен отбасыға барған кезде оның мәртебесі жоғары және біздің қазақта бір сөздер айтылып жатады: "Мен келінімді қызымдай көретін едім, мен тойда мысалы тілек айтып жатады мен келінімді қызымдай көретін болам" деген сияқты сөздер. Бұл өте қате сөз. Өйткені "келін" ол киелі ұғым қазақта, қызыңдай ешқашанда көре алмайсың. Өзіңнің қанша қызың болса да мысалыға, қызым деп, жаңағыдай бір қой деп айтып қалуың мүмкін, қаттырақ сөз айтып қалуың мүмкін бәлкім кейде. Ал енді қазақта тіпті келіннің де, келгеннен кейін ол сол үйдің ұрпағын көбейтуші болашақ ана болып тұрған нан кейін оның бетіне жаңағыдай жаман көзбен не болмаса зеку сөзбен қарамаған. Дана халқымызда: "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деген сөз содан шығады. Қызына айтады, келініне тыңдайды, тыңдатады.Сондықтанда бұл анаға құрметтің астында, барлығы жаңағыдай қамтылған. Қыз күнінен бастап, кішкентай күнінен бастап мәпелеу, мысалы ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі - еш уақытта бірдей болмайды. Пайғамбарымыз с.ғ.с. бір хадисінде былай деп айтады: "Сендер ұлдарыңды қыз сияқты нәзік қылып, қыздарыңды ұл сияқты дөрекі қылып тәрбиелемеңдер" дейді дид та. Қыз бала ол қашанда қыз қалпында қалады, нәзіктігі сақталуы керек.
- Жалпы, осы сұрақтармен Алматы облысының, Талдықорған өңірінің азаматтары көп хабараласадыма сізге?
Ия, хабарласады әсіресе мына ерлі-зайыптылар арасындағы мәселеге байланысты. Қазіргі кезде енді ажырасу көбейіп жатыр ғой, сол мәселеге байланысты сұрап, біліп жатады. Алдыңғы жылдары бір кісілермен, осы сұрақтарға байланысты кеңес беру бөлмесін ашайық деген ұсыныс түскен. Іске аспады, алайда өте қажет дүние деп есептеймін. Себебі, қазіргі кезде әйел адамдардың құқығын қорғау, отбасылық зардап шегу көбейіп жатыр, ажырасу көбейіп жатыр. Қазіргі қоғамға қажет дүние деп есептеймін.
Алматы облысында отбасылық құндылықтар мәселелеріне өте қатты назар салынған. Осындай шаралар барысында, өңір тұрғындарына, студенттер мен оқушыларға отбасылық құндылықтар, әке мен ананың отбасындағы рөлі және жастарыдң жат ағым ықпалына еріп кету мәселелері жайлы сөз болды. Сонымен қатар, деструктивті топтардың радикалды діни идеологиясы, экстремистік сипаттары ашып көрсетіле отырып, зайырылылық қағидаттары мен жастардың дінтанулық сауаттылығын арттыру, деструктивті ұйымдардың интернет кеңістіктегі жұмыстары жөнінде мағлұматтар берілді. Әр жиында 50-60 жуық адам, кәсіби мамагдардан өз сұрақтарына жауап алыр қайтуда.