Сәтбаевта "Қорғау" арқылы анықталған көлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сәтбаев қаласында төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы бір миллион теңгеден асатын Mitsubishi Pajero автокөлігі анықталды. Шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлікті қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводы қызметкерлері "Қорғау" ақпараттық жүйесінің көмегімен анықтаған. Айыппұлдар бойынша қалыптасқан берешекті өндіріп алу мақсатында автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Бұл дерек жол қозғалысын бақылауда цифрлық жүйелерді қолданудың нақты нәтижесін көрсетеді. "Қорғау" ақпараттық жүйесі полиция қызметкерлеріне тиісті мәліметтерді жедел алуға және анықталған деректер бойынша шара қабылдауға мүмкіндік береді.