Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылға дейін 500 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

2021 жылдың 8 айының қорытындысында өңдеу өнеркәсібінің НКИ 5,8% құрады. Фармацевтика өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісі айтарлықтай өсім көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оның айтуынша, машина жасау саласының барлық секторларында оң нәтиже бар. Мысалы, ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі 2,6 есе, теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам 1,6 есе, автомобиль жасау өндірісі 34,5% және электротехникалық машина жасау саласы 28,8%  артты.

Сонымен қатар, құрылыс материалдарының өндірісі көптеген тауар түрлері бойынша ұлғайды. Нақты айтқанда  керамикалық кірпіштер, отқа төзімді бұйымдар, гипс, жылу оқшаулағыш материалдар және цемент өндірісі артқан. Оған құрылыс нарығының маусымдық белсенділігі және кейінге қалдырылған сұраныс әсері септігін тигізді.

Сондай-ақ, брифинг барысында спикер Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылуы туралы баяндады. Еліміз бойынша жалпы сомасы 1,23 трлн теңгені құрайтын 128 жобаны іске қосу жоспарлап отыр. Өндіріс ошақтарында 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

"Ірі жобалардың ішінде Петропавл электр техникалық зауытындағы трансформаторлар өндірісін, Шымкент қаласындағы алюминий банкілері өндірісі, Қарағанды облысындағы Сарыарқа ферроқорытпа зауытының құрылысы мен Саран қаласындағы Yutong жолаушылар автобустарының өндірісін атап өткім келеді", - деді Марат Қарабаев.

Жалпы, 2025 жылға дейін елімізде жалпы сомасы 13,7 трлн теңгеге 500 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 101 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Инвестициялардың ең көп сомасы Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында жоспарланған.

Инвестициялық жобаларды іске асыру тауарлардың 50 түрі бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Олардың қатарында кальций қосылған сода, алюминий радиаторлары, жылу оқшаулағыш материалдар, ДСП, табақ шыны, керамикалық плитка, кокс, санфаянс, т. б. бар.

«Жыл сайын 200-ден астам жаңа жоба бойынша шет елдерге шамамен 6 млрд. АҚШ. доллары көлемінде қаржыға экспорт жоспарланған. Мәселен, күрделі химиялық тыңайтқыштар Қытай мен Ресейге экспортталады; кальций қосылған сода өндірісі көлемінің 50% (200 мың тонна) Ресейге экспортталады, 40 мың жеңіл автомобиль Өзбекстан, Украина, Ресей және Беларусь елдеріне экспортталады; неміс технологиясы бойынша ламинатталған бөлшектер тақтасын (ЛДСП) өндіру Орталық Азия елдерінде, яғни Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан нарықтарындағы 20% үлесті иеленуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр.

Салалар бойынша жобалардың ең көп саны құрылыс материалдарын өндіруде және тау кен металлургия кешенінде жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді