Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданының gолиция басқармасы ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Елордалық мектептің мұғалімі полицияға 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы полицияға жүгінді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді. Мән-жайларды анықтаған кезде жасөспірім әзіл үшін компьютерде мәтін жазғанын және парақшаларды басып шығарғанын мойындады.

Сонымен қатар оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды.

Полиция департаменті мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салады. Балаларды тәрбиелеу бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін ата-аналар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты