Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Цифрлық даму министрлігі «Хан Шатыр» маңында қанша базалық станция орнатылғанын айтты

Цифрлық даму министрлігі «Хан Шатыр» маңында қанша базалық станция орнатылғанын айтты
Фото: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК, әкімдік өкілдері және байланыс операторларымен бірге елордада байланыс пен интернет сапасын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Өткен жылы ЦДИАӨМ Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, байланысы жоқ немесе Интернет жылдамдығы төмен 67 тұрғын үй кешенін анықтады. Бүгінде 62 тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен келісімге қол жеткізілді, ал қалған бес үйде әлі де радиофобтар бар.

Мәселен, Манхэттен тұрғын үй кешені маңындағы мобильді интернеттің жылдамдығы мамыр айындағы көрсеткішпен (Beeline – 1,7 Мбит/с, Kcell- 1,2 Мбит/с, Tele2 – 5,4 Мбит/с) салыстырғанда, барлық операторда орташа есеппен 8-10 есеге өсті (Beeline – 28,7 Мбит/с, Kcell - 24,2 Мбит/с, Tele2 – 32,8 Мбит/с).

Айта кетейік, қазіргі уақытта Хан Шатыр СОО маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде базалық станция орнатылған (Самұрық Towers ТК, Семь Палат ТК, Анет баба 13/3, Өнер-2 ТК, Өнер тк, Е-128, Аққу ТК, Мұхамедханов 20, Мұхамедханов 19а, Smart City ТК, Greenline Qurmangazy ТК).

«Бұл жерде мәселе тек 50 пайызға шешілді. Босаңсуға әлі ерте. Сондықтан бұл мәселені тезірек шешу керек. Тұрғындар қызмет үшін мемлекетке емес, операторларға төлейді. Болашақта мұндай проблемалар болмауы үшін құрылыс компаниялары архитектуралық жұмыстарды келісу кезінде базалық станцияларды орнату аймақтарын алдын ала анықтауы керек. Біз бұл мәселені бұған дейін де әкімдікпен талқыладық, сондықтан бұл жұмысты күшейту қажет»- деп атап өтті Бағдат Мусин.

Сондай-ақ Министрлікке елорда тұрғындарынан Тұран даңғылы (Sezim Qala ТК, Ақ Дидар ТК) бойынша байланыс және интернет сапасына қатысты шағымдар келіп түсуде. Бұл ауданда антенна-діңгек құрылысын салу мүмкіндігі қарастырылды және 2024 жылдың ақпан айының соңына дейін электр монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, содан кейін байланыс операторлары жабдықтарды монтаждайды, аталған жұмыстар осы аудандағы байланыс сапасын жақсартуға әсер етуі тиіс.

Елорданы цифрландыру басқармасы электр монтаждау жұмыстарын аяқтау процесіне жәрдем көрсетеді.

«Біз әкімдікпен бірлесіп, Жол картасы аясында 20 антенна-діңгек құрылғысын орнаттық, бұл Астана қаласы бойынша интернет пен байланыс сапасын жақсартуға ықпал етеді», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ министр қаланың жылдам салынып жатқан аумағының біріне (Тұран даңғылы-Ұлы дала даңғылының қиылысы) барды. Онда ақпан айының соңына дейін іске қосылуы тиіс антенна-діңгек құрылғысы орнатылған. Байланыс желілерін жоспарлау кезінде туындаған бұған дейінгі қиындықтарды және елорданың сол жағалауындағы байланыс сапасына қатысты проблемаларды ескере отырып, мұндай антенна-діңгек құрылғылары алдын ала салынатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді