Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда кедейлік деңгейі ең жоғары өңір аталды

Қазақстанда кедейлік деңгейі ең жоғары өңір аталды
Фото: pixabay.com

Елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2023 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы II тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (9,7%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (2,5%) тіркелді.

Қалалық және ауылдық жерлерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесінде елеулі айырмашылық бар. Мәселен, есепті кезеңде ауылдық жерлердегі көрсеткіштің мәні қалалық жерлердегі көрсеткіштің мәнінен (3,9%) 3,3 п.т. асып түсіп, 7,2% құрады.

“Кедейлік қаупіне үй шаруашылығының мөлшері қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,2% құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есе дерлік жоғары”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Жуырда депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын мәлімдеген.

Ал оның әріптесі Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды