Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2021 жыл ипотекалық несиелеу көлемінен рекорд орнатты

Биыл динамика жалғасуда: жеті айдың қорытындысы бойынша берілген ипотекалық несиелердің көлемі бір жыл ішінде 18% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету әрбір мемлекеттің басты стратегиялық міндеті болды және болып қала береді. Қазақстан да азаматтардың баспанаға қолжетімділігін арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Кез келген елде баспананың қолжетімділігінің негізгі факторларының бірі — ипотеканың болуы. Алайда, халық табысының азайып, елдегі кедейшілік деңгейінің өсуін ескерсек, коммерциялық ипотека барлық азаматтарға бірдей қолжетімді бола бермейді. Мәселен, биыл шілде айында ел тұрғындарының нақты ақшалай кірістерінің индексі небәрі 97,3%-ды құрады, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда табыстардың сатып алу қабілеті 2,7% төмендеді. Оның үстіне биыл табыстың төмендеуі сәуір айында басталып, күні бүгінге дейін жалғасуда.


Биылғы жылдың бірінші тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4,6%-ды құрады, бұл соңғы жылдардағы ең нашар көрсеткіш. Республика бойынша барлығы 150 мыңнан астам үй шаруашылығының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, бұл 883,4 мың адам. ҚР-ның онсыз да ауқатты емес халқының кедейленуі аясында көптеген қазақстандықтар үшін тұрғын үй алудың бірнеше нақты нұсқаларының бірі тұрғын үй құрылыс жинақ (ТҚЖ) жүйесі және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жеңілдікті мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде неғұрлым қолжетімді ипотекалық өнім болып қала береді.


Қазақстандағы ТҚЖ жүйесі және арнайы ипотекалық бағдарламалар тұрғын үй нарығына тікелей әсер етеді. Мәселен, елімізде «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері — 2015 жылдан 2019 жылға дейін тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің қарқынды өсуі байқалды.

2020 жылы, COVID-19 пандемиясының және онымен байланысты жаппай оқшаулаудың нәтижесінде көрсеткіш аздап төмендеді, бірақ 2021 жылы тағы да үлкен өсім тіркелді. Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да 606,1 мың тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі жасалды, бұл рекордтық көрсеткіш, өткен жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп. Мұның бірнеше себебі бар, олар: 2020 жылы сұраныстың азаюы және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың дамуы, зейнетақы ақшасының тұрғын үй нарығына енуі.


Тұрғын үйді сатып алу-сату сегментіндегі белсенділіктің өсуі дәстүрлі түрде ипотекалық несиелендірудің артуына байланысты болды. Мәселен, 2014–2021 жылдар аралығында ипотека беру көрсеткіштері мен тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны арасындағы қатынас 97,5%-ды құрады.


Түсінікті болу үшін: дәл сол 2021 жылы берілген ипотекалық несиелердің көлемі рекордтық мәнді көрсетті,1,7 трлн теңге, бір жыл ішінде 80,3% өсті. Осылайша, ипотекалық қолдау тұрғын үй нарығының тікелей драйвері болды және оның өміршеңдігін қамтамасыз етеді.

2022 жылдың жеті айында ҚР-да берілген ипотекалық несиелердің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,2% өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті. Жалпы, 2021 жылы, бұрын атап өткендей, секторда рекордтық көрсеткіш тіркелді.


Бұл өсім, ең алдымен, негізгі ТҚЖ операторының, бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың және оның жеке бағдарламалары — Отбасы банкінің жұмысымен байланысты. 2021 жылы Отбасы банкі 1,2 трлн теңгеге несие берді, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен екі еседей көп. Соңғы бес жылда банк берген несие көлемінің орташа жылдық өсімі 63%-ды құрады. Берілген ипотеканың жалпы көлеміндегі Отбасы банкінің үлесі 2021 жылы 70,8%-ға дейін өсті. 2016 жылдан бері қаржы институтының үлесі 61%-дан төмендеген жоқ.


Биылғы жылдың басына тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың үлесі ҚР-ның барлық экономикалық белсенді халқының 23%-ына жетті, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 20,3%-ды, 2019 жылы — 16,9%-ды, 2018 жылы — 14, 2%, 2017 жылы — 12,1% құрады.

Отбасы банкінің ТҚЖ жүйесінің жұмыс ерекшелігіне байланысты банк ҚР ЕДБ коммерциялық ипотекасы бойынша әдеттегіден айтарлықтай төмен мөлшерлеме бойынша ипотекалық несиелер береді. Бұл ретте әңгіме тек мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несиелер туралы ғана емес, сонымен қатар банк портфелінің негізгі бөлігін құрайтын нарықтық несиелері туралы болып отыр. Мәселен, биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша банк 53,5 мыңнан астам несие берді, оның 81,9%-ы нарықтық несие болса, тек 18,1%-ы ғана мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несиелер болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді