Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Колледж студенттеріне еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылды

Колледж студенттеріне еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық колледждер бәсекеге қабілетті маман даярлауда білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқыту мерзімін дербес анықтайды. Студенттерге еңбек нарығына шығу үшін үш біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру мақсатында басшылар мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысынан 30%-дан 100%-ға дейін материалдық көтермелеу қарастырылған.

Бұдан басқа, осы жылдан бастап 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, өндірістен тартылған педагогтерге аттестациядан өтпей-ақ «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі және еңбекақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жыл өндірістік еңбек өтілі бар педагогтерге еңбекақыға 35%  үстемемен сарапшы біліктілігі беріледі.

Еске салайық,  2023 жылдың қыркүйегінен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға, 2024 жылы 100%-ға арттырылады.

Екі жыл қатарынан еліміздің колледждерінде жұмысқа алу міндеттемесімен мақсатты тапсырыс бойынша 10 мың студентті қабылдау жүргізілуде. Сондай-ақ колледждердің материалды-техникалық базасын жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда.  

Дуальді оқыту 8 мың кәсіпорынның қатысуымен және 72 мың білім алушыларды қамтумен 558 ұйымда енгізілді. Колледждерге кәсіпорындардың шефтік қамқорлығы аясында 498 кәсіпорын 410 колледжбен меморандумға және келісімдерге қол қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді