Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ әліпбиін латын графикасынакөшіру туралы міндет жүктеді. Үш жылдан бері Қазақстан қоғамы жаңа әліпбигеқатысты ортақ бір пікірге келе алар емес. Қоғамның бір бөлігі адамзаттарихындағы көне әліпбиді қолдаса, екінші жартысы өзгеріске дайын емес. Көпшілікәлі күнге дейін «латын қарпіне не үшін көшуіміз керек?» деген сұраққа жауап іздейді.Арагідік баспасөз беттерінде «асығыстық жасамау керек» деген сыңайдағыпікірлерді де кездестіреміз. Осыған орай, латын графикасы Қазақстанға не үшінкерек деген сұраққа жауап іздеуді жөн көрдік. 


«...Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіружұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігінтерең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннанбері мұқият дайындалдық», - делінген Елбасы мақаласында.  


Қазақстандалатын қарпіне көшу мәселесі Тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. Тоқсаныншыжылдардың басында белгілі ғалым, лингвист-түркітанушы Әбдуәли Қайдар КСРОыдырағаннан кейін көптеген түркі тілдес мемлекеттер латын әліпбиіне көшіпжатқанын айтып, Қазақстанның да әліпби ауыстыруы керектігі туралы бастамакөтерген болатын. Ол кезде сарапшылар халық әліпбиді ауыстыруға дайын еместігіналға тартты. Тәуелсіздікті жаңа алған, экономикасы тұралаған мемлекеттің оданда маңызды мәселелері жеткілікті еді. 


Әліпбиауыстыру мәселесі одан кейін де бірнеше мәрте көтерілді. Мәселен НұрсұлтанНазарбаев 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында әлемдіккоммуникациялық кеңістікте латын графикасының басымдыққа ие екенін айтып, «Қазақәліпбиінің латын әліпбиіне көшу мәселесіне қайта оралу керек деп ойлаймын», -деді. 


Арада алтыжыл өткен соң, 2012 жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялағанда «2025 жыл­данбастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деп мәлімдеді. Яғни, ерте ме,кеш пе жаңа әліпбиге көшетініміз белгілі еді. 



Төл әліпбиге оралу


Жалпы,Қазақстан үшін әліпби ауыстыру латын графикасына көшу емес, оралу деп айтқандұрыс болар. Қазақ тарихындағы әліпби туралы айтқанда, әуелі көне түркілердіңруникалық жазбаларын мысал етеміз. Тарихта ол «Орхон-Енисей жазулары» дегенатаумен белгілі. Одан кейін Еуразия құрлығының басым бөлігінде ұлтаралыққатынас тілі ретінде түркі тілі қолданылды. Мәселен, Ұлық ұлыстың барлық ресмиқұжаттары мен хаттары түркі тілінде жазылып келген. Қазақ даласына ислам дінікелген соң, араб әліпбиінің дәуірі басталды. Араб әліпбиі қазақ жерінде 900 жыл бойы ресми тіл болды. Тек 1920жылдардың басында КСРО-да ұлттық алфавиттерді латындандыру науқаны басталды.1929 жылы КСРО Орталық Атқару Комитетінің «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізутурал қаулысы шығып, латын әліпбиі 11 жыл бойы қолданыста болып, 1940 жылы алфавиткириллицаға ауыстырылды. 


БиылҚазақстан халқының киррилицаға көшкеніне 80 жыл толып отыр. Осы кезеңде қазақтілінде көптеген кірме сөздер пайда болып, жазу арқылы орыс тілінің фонетикасымен емлесіне де жақындай түсті.


Жалпы,қазір әлемде кириллицаны негізінен бұрынғы КСРО елдерінен шыққан Ресей,Қазақстан, Белорусь, Қырғызстан және Черногория, Македония, Монғолия, Болгария,Сербия сияқты санаулы елдер ғана қолданады. 

 

Түбі бір Түркі әлемін интеграциялау


Бүгінде әлемде алты тәуелсіз түркі мемлекеті бар. Олардың төртеуі – Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан мен Өзбекстан ресми түрде латын графикасын қолданады. Түркияның латын қарпіне көшкеніне 90 жылдан асты. Ататүрік жаңа әліпбиге көшу туралы бастама көтеріп қоймай, небәрі сегіз айдың ішінде қолданысқа енгізді. Бұған қоса Мұстафа Кемал барша түркі халықтарын латын әліпбиіне көшуге шақырған үгіт-насихат толқынын бастады.


Іргеміздегі Өзбекстан мен Түрікменстан тәуелсіздік алысымен әліпбиін ауыстырды. Дейтұрғанымен бұл процесс, ең алдымен, реформаның сапасымен және саяси ерік-жігердің болмауымен байланысты бірқатар қиындықтарға тап болды. Көптеген жылдар бойы латын қарпі мен  кириллица қатар жүрді. Бұл елдерде 1990-шы жылдары басталған латын әліпбиіне көшу процесі бүгінгі күні, ең болмағанда, жас ұрпақ арасында толығымен аяқталды.


Посткеңестік мемлекеттердің ішінде латын қарпіне көшудің озық үлгісі ретінде Әзербайжанды алуға болады. Бұл елдегі процесс сонау 1992 жылы басталып, бірнеше рет тоқтап қалғанына қарамастан 2001 жылдың 1 тамызынан бастап мемлекет толығымен жаңа әліпбиге көшті.



Түбі бір Түркі әлемін интеграциялау


Бүгінде әлемде алты тәуелсіз түркі мемлекеті бар. Олардың төртеуі – Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан мен Өзбекстан ресми түрде латын графикасын қолданады. Түркияның латын қарпіне көшкеніне 90 жылдан асты. Ататүрік жаңа әліпбиге көшу туралы бастама көтеріп қоймай, небәрі сегіз айдың ішінде қолданысқа енгізді. Бұған қоса Мұстафа Кемал барша түркі халықтарын латын әліпбиіне көшуге шақырған үгіт-насихат толқынын бастады.


Іргеміздегі Өзбекстан мен Түрікменстан тәуелсіздік алысымен әліпбиін ауыстырды. Дейтұрғанымен бұл процесс, ең алдымен, реформаның сапасымен және саяси ерік-жігердің болмауымен байланысты бірқатар қиындықтарға тап болды. Көптеген жылдар бойы латын қарпі мен  кириллица қатар жүрді. Бұл елдерде 1990-шы жылдары басталған латын әліпбиіне көшу процесі бүгінгі күні, ең болмағанда, жас ұрпақ арасында толығымен аяқталды.


Посткеңестік мемлекеттердің ішінде латын қарпіне көшудің озық үлгісі ретінде Әзербайжанды алуға болады. Бұл елдегі процесс сонау 1992 жылы басталып, бірнеше рет тоқтап қалғанына қарамастан 2001 жылдың 1 тамызынан бастап мемлекет толығымен жаңа әліпбиге көшті.



Қазақстан түркі әлемінің ажырамас бөлігіекенін ескерсек, шыққан тегі мен тарихы бір түркіге ортақ маңызды процесстенқалыс қалуға болмайды. Әрі біздің мемлекет жоғарыда мысалға келтіргенмемлекеттердің латын графикасына көшу кезіндегі тәжірибесі мен сәтсіздіктеріненсабақ ала алады. 



Латын қарпінің әлемдегі маңызы


Бүгінде жер бетіндегі халықтардың 80%-ы латын қарпін пайдаланып,ақпараттың 70%-ын сонымен таратады. Мамандардың есебінше, 1,5-2 млрд-қа жуық адамлатын әліпбиін қолданады. Мысалы, БҰҰ ресми алты тілі – ағылшын, француз жәнеиспан тілі латын қарпінде. Сол сияқты ірі халықаралық ұйымдар мен одақтар даресми құжат айналымын латын қарпіне негізделген тілдерде жүргізеді. 


Дүниежүзілік Банктің 2015жылғы деректеріне сәйкес, ЖІӨ-нің номиналды көлемі бойынша алғашқы 30 елдің22-сі, экономикасы ең озық 10 елдің жетеуі латын әліпбиін тұтынады.Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде бизнес жүргізу үшін ең тартымды30 мемлекетің ішінде 25-і латын негізіндегі әліпбиді пайдаланады. Бұл ретте ісжүзінде қарастырылып отырған барлық елдерде латындандырылған қаріп немесеағылшын тілі бар.


 

Сарапшылардың айтуынша, 2005-2015 жылдараралығында әлемде 12,5 млн мақала шыққан, оның 75%-ға жуығы латын графикасыменбасылған.  Одан басқа қазіргіқолданыстағы ғылымның барлығы дерлік осы қаріппен басылған. Мәселен, химиядағыэлементтер немесе физикадағы бірліктердің жүйесі де латын әліпбиіментаңбаланған. Жаңа әліпбиге көшудің тағы бір себебі – бүгінде әлемдегі ең озықтіл ағылшын тілі саналады. Себебі ол ғылым, білім, мәдениет пен бизнестіңтіліне айналды. Адамзат тарихында қазіргі ағылшын тіліндей бірде-бір тіл кеңтаралып, өзара қатынас тіліне айналған емес. Технологияның тілі болып қоймай,әлемдік ақпарат кеңістігінде нақты және терең ақпараттың дереккөзі саналады.Жыл сайын әлемде жарық көретін ғылыми әдебиеттің 45-57%-ы ағышлын тіліндежарияланады.

  

Бүгінде қазақстандық оқушылар мектепте 1сыныптан бастап ағылшын тілін оқып, яғни латын қаріптерін үйреніп жатыр.Сондықтан Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген ұрпақүшін жаңа әліпби қиынға соқпасы анық. 


Латынәліпбиіне көшу – ел тарихындағы маңызды қадамдардың бірі. Ең бастысы, өткенненсабақ алып, жұмысты жүйелі ұйымдастырып, әуелгі бағдардан айнымау қажет. Әліпбиауыстыру – өркениетті шешім. Бүгінгі қадамның оң болуы мемлекеттің дамуына,өсіп-өркендеуіне жаңа серпін берері сөзсіз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді