Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда алимент бойынша берешек 1,7 млрд теңге құрайды

Қарағандыда алимент бойынша берешек 1,7 млрд теңге құрайды
Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Ағымдағы жылдың 14 маусымында облыс прокуратурасында Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтің төрағалығымен алимент өндіру жөніндегі жұмысқа қатысты алқа отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасының юаспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, сондай-ақ уәкілетті және мүдделі органдардың бірінші басшылары қатысты.

Облыс прокуроры өңірде 1,7 млрд теңгеден асқан (22 мың баланың пайдасына) алименттік берешек түріндегі жағымсыз жағдай орын алуын атап өтті.

Себептері - орындау органдарының басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп борышкерлермен жұмыс істеу, оларды бақылау, жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оларға әкімшілік және қылмыстық ықпал ету бойынша өзара іс-қимылдың болмауымен байланысты.

Қадағалау ведомствосы 86 қасақана борышкерде электрондық әмияндардан, букмекерлік компаниялардан, бағалы қағаздар биржаларынан және такси қызметтерінен түсетін жасырын кірістер бар екенін айқындады (36 млн теңгеге.).

Прокурорлар сот орындаушыларының әрекетсіздігі салдарынан өндіріп алынбаған 28 мүлік объектісін, 300-ден астам мал басын және 22 бірлік арнайы техниканы анықтады.

Мұның бәрі 89% жағдайда мүлікті иеліктен шығаруға әкелді.

Алқа отырысында борышкерлер іздеуге формальды түрде жарияланатындарына назар аударылды, себебі олар еркін жүріп-тұрады, мемлекеттік қызметтерді пайдаланады және борышкер мәртебесінде екені туралы хабардар болмайды.

Борышкерлерді қылмыстық және әкімшілік қудалау мәселелері қозғалды.

Облыс прокуратурасы Әділет министрінің атына қадағалау актісін жолдады. Қасақана борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілетін болады.

Алқа нәтижелері бойынша бірқатар ұйымдастырушылық шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, облыстың барлық өңірлеріде алиментпен жұмыс жөніндегі ведомствоаралық топтар және Жұмыспен қамту орталықтарының базасында алиментшілерді бірінші кезекте жұмысқа орналастыру жөніндегі бөлімшелер (Жұмыспен қамту орталығы, Кәсіпкерлер палатасы, Сот орындаушыларының палатасы, полиция, әділет органдары, балалар мен бизнес субъектілерінің құқықтары жөніндегі қоғамдық ұйымдар) құрылатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді