Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасиетті Қазақстан – ұлттық туризмнің бастауы

Туризм – экономиканың драйвері


Туризм әлемдік экономиканың негізгі драйверінің бірі. Мәселен, БАӘ, Сауд Арабиясында экономика мұнайден кейін туризмнен түсетін қаржыға тәуелді. Тек 2019 жылы туризмнің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 8,39 трлн.долларды құрады.


Жалпы, бір турист барған мемлекетке орта есеппен 1 мың АҚШ долларын қалдырады. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, бір туристің ақшасы 9 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оған қонақүй, көлік, сервис, гид қызметінің ақысы және т.б. кіреді. Әлбетте туризмді дамыту мен одан келетін табыс саланың мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілуіне тікелей байланысты.


Туризмнің ЖІӨ-ге тигізетін экономикалық және әлеуметтік әсерін зерттеумен айналысатын Дүниежүзілік туризм және саяхат жөніндегі кеңестің мәліметінше, Қазақстанда туризмдегі ақша айналымы  $7,9 млрд немесе  ЖІӨ-нің 6,2% құрап отыр. Қазақстан үкіметі алдағы бес жылдың ішінде саланың ЖІӨ-дегі үлесін 8% дейін жеткізуді жоспарлап отыр.



Коронавирустың туризмге әсері


South China Morning Post әлемдік туристік индустрия COVID-19 әсерінен $80 млрд көлемінде шығынға ұшырауы мүмкін деген болжам жариялады. Басылым бұл болжамын британдық Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу компаниясының деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді. Ал Дүниежүзілік туристік ұйым басшысы Глория Гевара коронавирус салдарынан туындаған дағдарыста әлемдік туризмнің шығыны $22 млрд доллар болады деп мәлімдеді. Бұл ұйғарымға Oxford Economics мамандарымен бірлесіп жасалған зерттеу нәтижесінде келген, деп жазды El Mundo басылымы. Қазақстандық туроператорлардың шығыны әлі белгісіз, дегенмен елімізде биыл наурыз айынан бастап коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулердің нәтижесінде туризм саласы тұралап қалды.  COVID-19-дың алдын алу мақсатында еліміздің ішкі-сыртқы шекаралары жабылды, көлік қатынасы мен жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Демалысты ауылдан гөрі шетелде өткізуді жөн көретін халық үшін ауыр соққы болды. Алайда банкрот болған туроператорларға үкімет көмек көрсетті: салықтық жеңілдік, тексерісті уақытша тоқтату, қаржылық қолдау және т.б.



Қазіргі коронадағдарыс отандық туризмді дамытуға септігін тигізе бастады. Шектеулердің салдарынан шетелге шыға алмаған қазақстандықтар еліміздің көрікті жерлері, ұлттық паркер мен киелі мекендерімен танысуға кірісті. Яғни, 2020 жылы қазақстандықтардың ішкі туризмге деген сұранысы артқан. Осыған орай Атамекен ҰКП ішкі туризмді дамытуға басымдық бермек.


«Локдаунға қарамастан, демалыс күнгі турларды ұйымдастырушылар қарқынды жұмыс істеді. Көбінесе қала сыртында табиғатқа шығу, киелі мекендерге саяхат сұранысқа ие болған», – дейді «Атамекен» ҚКП туристік сала комитетінің төрағасы Павел Казанцев.


Жалпы, коронадағдарыс кезеңінде тұтас туризм саласы тек ішкі туризм есебінен дамитынын көрсетті. Қазір әр мемлекет саланы дағдарыстан сақтап қалудың қамына кірісті: Қытай мен Ресей ішкі туризмді, Өзбекстан ел аумағында онлайн туризмді дамыта бастады. 



Қазақстанның киелі жерлері – отандық туризмнің өзегі


Әр мемлекеттің тарихи-мәдени құндылықтары мен мұрасы мол сәулет туындылары бар. Мәселен, Мысырдағы сфинсктер, Мексикадағы ацтектердің  пирамидасы, Римдегі колизей әлемге танымал, жер бетіндегі ең ежерлі тарихи нысан болған соң жыл сайын оларға баратын туристердің саны миллиондап саналады. Қазақстанда тарихы терең, әлемдік өркениет үшін баға жетпес құндылыққа ие жерлер жетеді. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұсынған жобалардың ішінде еліміздің киелі жерлерінің географиясы бар. Халықтың ұлттық бірегейлігін бекемдеп, құндылықтарды насихаттау үшін ел аумағындағы киелі жерлердің картасы жасалды. Оның мақсаты – ұлт үшін баға жетпес құндылық саналатын тарихи нысандар мен сәулет ескерткіштерін насихаттау. Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі 205 ұлттық және 575 өңірлік нысанды қамтыды. Олар Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс деп алты бағытқа бөлінді.


 

«Ол орындар Қазақстандағы туристер баратын танымал жерлерге айналады. Біздің мәдениетімізді жаһандық әлем білуі керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі барасында.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бұл жобасы отандық туризмнің дамуына септігін тигізе бастады. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, кейбір нысандар киелі жерлер тізіміне енген соң, оған келушілердің қатары үш есе өскен. Kazakh Tourism ҰК ақпаратына сәйкес, 2018 жылы елімізге ұзын-саны 8 млн астам шетелдік келген. Одан бір жыл бұрын ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалау үшін 2 млн-ға жуық турист келді.


Киелі жерлердің картасына енген нысандардың арасында әлемде теңдесі жоқ бірегей нысандар бар. Мәселен, Берел қорғаны табылған Алтай жері мұқым Түркі әлемінің алтын бесігі саналады. Ұлытаудағы Жошы хан кесенесі мен Алаша хан кесенелері әлем тарихындағы құнды жәдігер. Себебі Ұлық ұлысты басқарған хан Жошының мазары – жер бетінде Шыңғыс хан әулетінен қалған жалғыз тарихи мұра. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Орта Азия мен Қазақстандағы қастерлі мінажат орнына айналды. Қараханид дәуірде салынған Айша бибі мен Қарахан кесенесі – ұлттың баға жепес құндылығы. Бурабайдағы «Ботай» мұражайы жабайы жылқыны алғаш қолға үйреткен ботай мәдениетін паш етіп тұр.


 

Сакралды географияға енген қай нысанды алсақ та, туризмгесұранып тұр. Kazakh Tourism киеліжерлерді насихаттау үшін сыртқы нарыққа жарнамалық кампанияны сәтті жүзегеасырып келеді. Мәселен, Қазақстанның киелі жерлерін кең насихаттау үшін BBC,World news, National geographiс арналарында «Алтын адам», «Қожа Ахмет Яссауи»,«Айша бибі» кесенесі, «Қазақстанның сакралды географиясы», «Көшпенділер жері»туралы фильмдер көрсетілді. Халықты ақпараттандыру жұмысы жүргізілгенімен,тарихи нысандарда тиісті инфрақұрылым жоқтың қасы. Туристік нысандарға апаратынжол, қонақүй, сервис пен интернетпен қамтамасыз ету мәселелері мемлекеттік дамубағдарламаларында жоспарланған.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру»бағдарламасында «Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлімұраларына сүйенуге тиіс», деп айқындап берген болатын. 


Қазақстанныңтұмса табиғаты, жазық жерінен бастап асқар тауына дейін сұлу ландшафты бар.Алып жер мен қазба байлықтан бөлек, тарихи ескерткіштер, сәулет ғимараттары,мазарлар мен ортағасырлық қалашықтардың орны сияқты киелі жерлері жетеді.Мемлекеттік қолдау болса, бұл жерлер мемлекеттің туристік әлеуетін жаңахалықаралық деңгейге шығара алады.  скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді